Алматыдағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Табылды КадырбековКулак, иллюстративное фото
Кулак, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Алматыда жаппай төбелескен студенттер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қалалық полиция департаменті жақын маңдағы ойын-сауық мекемесінде мерекелік іс-шараны тойлап жатқан Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің студенттері төбелеске қатысқанын хабарлады.
Абырой болғанда, жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ.
"Бұл дерек Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелеске қатысушылардың әрқайсысы анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. Олардың әрқайсысының әрекетіне тергеу тарапынан құқықтық баға беріледі, – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Жаңалықтар
0