Спорт

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов Головкиннің бұрынғы қарсыласын жеңді

© Photo : Официальная группа Али Ахмедова в "ВКонтакте"Али Ахмедов
Али Ахмедов - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2022
Жазылу
Жекпе-жек Лас-Вегас қаласында "Головкин-Канело" бокс кеші аясында өтті
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (18-1-14 КО) америкалық Габриэль Росадоны (26-15-1, 15 КО) айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жекпе-жек Лас-Вегас қаласында "Головкин-Канело" бокс кеші аясында өтті. 27 жастағы Ахмедов ұпай санымен Росадоны жеңді. 36 жастағы боксшы осымен 16-шы рет ұтылып отыр. Ал Ахмедов 19 жеңісіне қол жеткізіп, суперорта салмақта WBC Silver мен IBF North American титулының иегері атанды.
Айта кетері, 2013 жылы Росадо Головкинмен жұдырықтасқан. Сол кезде америкалық боксшы жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді.
Жаңалықтар
0