Қазақстанда 19 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевАстанчане гуляют на пешеходном мосту "Атырау"
Астанчане гуляют на пешеходном мосту Атырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2022
Жазылу
Sputnik Қазақстан 19 қыркүйекте өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

19 қыркүйекке жоспарланған шаралар

АСТАНА
9.00 – Қазақстанның шикізат емес экспортын қолдауға арналғна баспасөз-мәслихаты. Шараға сауда және интеграция министрлігі, Халықаралық сауда орталығы, Еуропалық одақ пен "QazTrade" АҚ өкілдері қатысады. (Hilton Garden Inn қонақ үйі, Қабанбай батыр даңғылы, 15), Ballroom, 1 қабат).
10.00 – Мәжілісте отырыс өтеді. Денсаулық мәселелері бойынша кейбір нормативтік актілерге өзгеріс енгізу мәселесі бойынша министр Ажар Ғиният сөз сөйлейді. Осы құжат мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленді. Негізгі мақсаты - медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру, пациенттердің құқықтарын қорғау зәне медициналық қызметтердің сапасын көтеру. www.parlam.kz сайтында тікелей эфир көрсетіледі.
11.00 – Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында "Өміріңді сақта" бағдарламасын іске асыру" тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – армиядағы адам өлімін барынша азайту. Шараға тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі департамент бастығы, генерал-майор Серік Борамбаев, Ұлттық ұлан басшысының орынбасары, полковник Қайрат Үмбетов, шекара қызметінің тәрбие ісі жөніндегі департаменті басшысының бірінші орынбасары Қайрат Түркістанов қатысады.
АЛМАТЫ
11.00 - "Elge Qaitaru" қоғамдық ұйымның баспасөз мәслихаты.
Спикерлер: қордың құрылтайшысы Болат Әбілов мен қор директоры Оразалы Ержанов. (Самал-2, "САТТИ" 58 үй, 1 кіреберіс, 2 қабат)
12.30 - "Театр ВТ: возвращение" тақырыбындағы баспасөз мәслихаты.
2015 жылы Театр ВТ қарыздардың жиналауына байланысты үй-жайынан айырылған болатын. Сол жылы "Одноклассники. Уроки жизни" спектаклі үшін Санкт-Петерборда гран-приге ие болды. 2016 жылдың басында театр ұжымы Байтен Омаров атындағы "Жас Сахна" театрының ғимаратына көшіп барған.
Биыл Театр ВТ қайтадан өз ғимаратына кірді. Осыған орай, "Дом посреди весны" спектаклінің премьерасы өтеді. Спикерлер: режиссер Саулюс Варнас, актер Марат Әміраев, Театра ВТ негізін салушы және директор Айгүл Сұлтанбекова (Самал-2, "САТТИ" 58 үй, 1 кіреберіс, 2 қабат)
14.00 – "Қазақстанның тұтынушылар лигасы: бағалар мен контрафакт көбейіп барады" тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: "Қазақстанның тұтынушылар лигасы" қауымдастығының жетекшісі Светлана Романовская (Самал-2, "САТТИ" 58 үй, 1 кіреберіс, 2 қабат).
Жаңалықтар
0