"Алматы қаласының құрметті азаматы" атағы он адамға табысталды

© Sputnik / Тимур БатыршинОсень в Алматы
Осень в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Әкім Ерболат Досаев "Алматы қаласының құрметті азаматы" атағын табыстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми парақшасына сілтеме жасап.
Биыл қала күніне орай тағы бірнеше адам "Алматы қаласының құрметті азаматы" атағына ие болды. Олар:
Талапқали Ізмұхамбетов – Қазақ КСР-нің Жоғарғы кеңесінің депутаты, бұрынғы денсаулық министрі, медицина ғылымдарының докторы;
Меруерт Өтекешова – Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі, кино және театр актрисасы;
Алтынбек Қоразбаев – Қазақ КСР еңбек сіңірге әртісі, Қазақстанның халық әртісі;
Асылы Осман – белгілі қоғам қайраткері, профессор, тіл жанашыры;
Жүрсін Ерман – Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, айтыс өнерінің жанашыры;
Зинаида Федотова – мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері;
Қайырлы Жоңқабаев – Ұлы Отан соғысының ардагері;
Орынша Қарабалина – ұстаз, тарихшы;
Күпесбай Жампейісов – мемлекет және қоғам қайраткері, отставкадағы 1-ші рангілі капитан, әскери теңізші;
Любовь Нысанбаева – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген архитекторы, қала құрылысшылары одағының президенті.
Құрметті атақпен бірге әрбіреуіне 1 миллион теңгеден табысталды.
"Біздің Алматының дамуына бар жанын, еңбегін, махаббаты мен зор күшін салған азаматтарды бүгін алғаш рет марапаттау мен үшін аса үлкен мәртебе. Жыл сайынғы дәстүрді жалғастырып, "Алматы қаласының құрметті азаматы" атағын біздің қаламыздың лайықты тұрғындарына тапсырамыз", - деді Досаев.
Айта кетері, жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде Алматыда қала күні аталып өтеді. Биыл қалаға 1006 жыл толып отыр. Мерекелік шаралар 16 қыркүйекте басталған болатын. Қала күні Almaty Arena-да "Сәлем, Алматы" концертімен аяқталады. Оған танымал жұлдыздар және A’Studio тобы қатысады.
Жаңалықтар
0