https://sputnik.kz/20220917/uqshu-khatshylygy-qyrgyz-tazhik-shekarasyndagy-zhagdayga-qatysty-malimdeme-zhasady-27667368.html
ҰҚШҰ хатшылығы қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
ҰҚШҰ хатшылығы қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының хатшылығы 14-16 қыркүйек күндері қырғыз-тәжік шекарасында болған қарулы қақтығыс бойынша... 17.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-17T15:54+0500
2022-09-17T15:54+0500
2022-09-17T15:56+0500
ұқшұ
https://sputnik.kz/img/07e5/09/10/18143832_0:141:3139:1907_1920x0_80_0_0_cdfe734eb96a09badbe382b786d2bbe9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының хатшылығы 14-16 қыркүйек күндері қырғыз-тәжік шекарасында болған қарулы қақтығыс бойынша үлкен алаңдаушылық білдірді. Ауыр қару-жарақты қолданудың салдарынан екі жақта да жарақат алған және қайтыс болған адамдар бар. Құрылыс нысандары да қиратылды.ҰҚШҰ хатшылығы қайтыс болған адамдардың отбасыларына қайғырып көңіл айтады. Сондай-ақ, оқ атуды тоқтату мен екі елдің шекара қызметтері арасындағы келіссөздердің басталғанын құптап отыр.Оның айтуынша, ҰҚШҰ хатшылығы жағдайды мұқият бақылап отыр. Қазіргі келісім ұзақ әрі тұрақты болады деген сенім бар."Бұл қақтығысты тек келіссөздер арқылы бейбіт жолмен ғана шешу керек. Бұдан кейін адам өліміне жол беруге болмайды", - деп атап көрсетті Зайнетдинов.Айта кетері, жұма күні Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс өршіп кетті. Екі жақ та бір-бірін ауыр техниканы қолданғаны үшін айыптады. Шекарашылар күні бойы атысты. Түнге қарай ғана оқ атуды тоқтатуға келісті.Қырғызстанның шекара қызметі екі елдің арнайы қызметтері оқ атуды тоқтатуға келіскенін хабарлады. Алайда бірнеше сағаттан кейін екі жақ та бір-бірін оқ атуды тоқтату режимін бұзғаны үшін айыптап шықты. Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі 24 адамның қаза тапқанын және 103 адамның жарақат алғанын мәлімдеді."Равод" шекара бекетінде екі елдің жұмыс топтары кездесіп, келіссөздер өткізді. Бұдан бөлек, Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмон Самарканд қаласында кездесіп, әскери күштерін шекарадан шалғай жерге алып кетуге келіскен. Оқиғаның мән-жайын анықтайтын комиссия да құрылады делінген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/10/18143832_205:0:2934:2047_1920x0_80_0_0_1771616b75b85a91d9a63c11fb24cdd6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ
НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының хатшылығы 14-16 қыркүйек күндері қырғыз-тәжік шекарасында болған қарулы қақтығыс бойынша үлкен алаңдаушылық білдірді. Ауыр қару-жарақты қолданудың салдарынан екі жақта да жарақат алған және қайтыс болған адамдар бар. Құрылыс нысандары да қиратылды.
ҰҚШҰ хатшылығы қайтыс болған адамдардың отбасыларына қайғырып көңіл айтады. Сондай-ақ, оқ атуды тоқтату мен екі елдің шекара қызметтері арасындағы келіссөздердің басталғанын құптап отыр.
"Осы қиын шекара мәселесін реттеу, шиеленісті азайту және қақтығыстың ушығуына жол бермеу үшін өзара тиімді жолдар табылады деп білеміз. Күш қолданған құптарлық іс емес. Келіспеушілікті реттеу үшін тек саяси-дипломатиялық әдістер ғана қолданылуы шарт", - дейді хатшылықтың баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов.
Оның айтуынша, ҰҚШҰ хатшылығы жағдайды мұқият бақылап отыр. Қазіргі келісім ұзақ әрі тұрақты болады деген сенім бар.
"Бұл қақтығысты тек келіссөздер арқылы бейбіт жолмен ғана шешу керек. Бұдан кейін адам өліміне жол беруге болмайды", - деп атап көрсетті Зайнетдинов.
Айта кетері, жұма күні Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс өршіп кетті. Екі жақ та бір-бірін ауыр техниканы қолданғаны үшін айыптады. Шекарашылар күні бойы атысты. Түнге қарай ғана оқ атуды тоқтатуға келісті.
Қырғызстанның шекара қызметі екі елдің арнайы қызметтері оқ атуды тоқтатуға келіскенін хабарлады. Алайда бірнеше сағаттан кейін екі жақ та бір-бірін оқ атуды тоқтату режимін бұзғаны үшін айыптап шықты. Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі 24 адамның қаза тапқанын және 103 адамның жарақат алғанын мәлімдеді.
"Равод" шекара бекетінде екі елдің жұмыс топтары кездесіп, келіссөздер өткізді. Бұдан бөлек, Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмон Самарканд қаласында кездесіп, әскери күштерін шекарадан шалғай жерге алып кетуге келіскен. Оқиғаның мән-жайын анықтайтын комиссия да құрылады делінген.