Оралда футбол ойнаған ер адам қайтыс болды

© Pixabay / Andy03Футбольный мяч
Футбольный мяч - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Орал қаласындағы "Ақжайық" стадионында қайғылы жағдай болды. Футбол ойнап жүрген ер адам есінен танып, көп ұзамай, қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой город" порталына сілтеме жасап.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жеңіс Нығметуллиннің айтуынша, стадионда 50 жастан асқан футбол ардагерлері арасындағы спартакиада өткен. Алаңда Қызылорда мен Түркістан облыстарынан келген командалар ойнады. Сағат 12:00-дің шамасында бір ойыншы есінен танып қалды.
"Қызылорда облысынан келген ойыншының жағдайы күрт нашарлап кетті. Ер адам есінен танып, құлап қалды. Оған алғашқы медициналық қызмет көрсетілді. Алайда, өкінішке қарай, ол қайтыс болды. Жүрегі сыр берген сияқты", - дейді Нығметуллин.
Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған мәліметке сәйкес, жедел жәрдем станциясына сағат 11:54-те хабар түскен. Дәрігерлер оқиға орнына барғанда ер адам қайтыс болып кетті. Марқұм 59 жаста болған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сол кезде өлімнің нақты себебі анықталады.
Жаңалықтар
0