Нұр-Сұлтанда шахматтан Гран-при турнирі өтеді

© Photo : pixabay/jarmolukШахматы, иллюстративное фото
Шахматы, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. 18 қыркүйекте астанада ФИДЕ-нің әйелдер арасындағы Гран-при турнирінің бірінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Халықаралық турнирге әлемнің ең мықты деген 12 шахматшы қыз келеді. Ал Қазақстан "Women Grand Prix-2022" турнирінің ұйымдастырушысы ретінде бір ойыншыны шығара алады. Дәл осы кезеңде ел намысын Бибісара Асаубаева қорғайды.
Халықаралық рейтинг мен турнирдің ресми регламентіне сәйкес, Қазақстан құрамасының көшбасшысы Жансая Әбдімәлік те қатысушылардың тізіміне енді.
Турнирдің нәтижесі бойынша WGP сериясында ең көп ұпай жинаған шахматшылары ФИДЕ-нің үміткерлер турниріне қатысуға мүмкіндік алады.
Турнирдің қатысушылары:
1 Goryachkina Aleksandra — FID (ФИДЕ) — 2 579 пункт;
2 Lagno Kateryna — FID (ФИДЕ) — 2 547 пункт;
3 Kashlinskay Alina — POL (Польша) — 2 504 пункт;
4 Assaubayeva Bibisara — KAZ (Казахстан) — 2 439 пункт;
5 Tan Zhongyi — CHN (Китай) — 2 525 пункт;
6 Wagner Dinara — GER (Германия) — 2 341 пункт;
7 Paehtz Elisabeth — GER (Германия) — 2 484 пункт;
8 Zhu Jiner — CHN (Китай) — 2 464 пункт;
9 Abdumalik Zhansaya — KAZ (Казахстан) — 2 495 пункт;
10 Kosteniuk Alexandra — FID (ФИДЕ) — 2 521 пункт;
11 Vaishali Rameshbabu — IND (Индия) — 2 586 пункт;
12 Shuvalova Polina — FID (ФИДЕ) — 2 510 пункт;
Турнирдің ашылуы Астана Халықаралық қаржы орталығыны ғимаратында (Мәңгілік ел даңғылы, 55/18) өтеді.
Жаңалықтар
0