https://sputnik.kz/20220916/toqaev-shyu-kenesi-sammitinin-otyrysyna-qatysyp-zhatyr-27630995.html
Тоқаев ШЫҰ Кеңесі саммитінің отырысына қатысып жатыр
Тоқаев ШЫҰ Кеңесі саммитінің отырысына қатысып жатыр
Sputnik Қазақстан
ШЫҰ саммитінің негізгі күн тәртібіне әлемде болып жатқан жаһандық өзгерістерге қатысты ынтымақтастықты тереңдетуді қоса алғанда тағы бірқатар мәселе бар 16.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-16T12:00+0500
2022-09-16T12:00+0500
2023-08-09T12:31+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
шыұ
https://sputnik.kz/img/07e6/09/10/27628421_19:0:1263:700_1920x0_80_0_0_c42e6c7451ec154a0eaeee4443f4563a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Өзбекстанның Самарқанд қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) шағын құрамдағы саммиті басталды, деп хабарлады Қазақстан президентінің баспасөз қызметі. Саммиттің негізгі күнінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары бірқатар маңызды мәселені, соның ішінде әлемде болып жатқан жаһандық өзгерістерге қатысты ынтымақтастықты тереңдету және қауіпсіздікке төнген сын-қатерлерге қарсы тұруды талқылауды көздеп отыр. Самарқандта Шанхай ынтымақтастық ұйымының шағын құрамдағы саммиті басталды, одан кейін кеңейтілген құрамдағы кездесу өтеді. Күн тәртібіндегі мәселелердің ауқымы кең. Атап айтқанда, әлемде болып жатқан жаһандық өзгерістерге қатысты ынтымақтастықты тереңдету келешегі, ШЫҰ-ны жаңа геосаяси шынайылыққа бейімдеу міндеттері, ұйымның қызметін модернизациялау, сондай-ақ, қауіпсіздікке төнген сын-қатер мен қауіптерге қарсы тұру механизмдерін жетілдіру, сыртқы саяси үйлестіруді күшейту, экономика саласындағы бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыруға басымдық бере отырып, ұйымның қызметін жетілдіруге баса назар аударылады. Осы ретте Өзбекстан ШЫҰ саммитіне 40-тан астам келісім мен шешім дайындады, деп мәлімдеді Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев. Жұма күні таңертең ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің президенттері іс-шара қатысуға Самарқандқа келді. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев оларды қарсы алды. Мемлекет басшылары суретке түсу рәсіміне қатысты. Шанхай ынтымақтастық ұйымына Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. Бақылаушы елдер: Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия, серіктес елдер: Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка. Самарқандтағы саммитте Иранды қауымдастыққа қабылдау рәсімі аяқталады (міндеттеме туралы меморандумға қол қойылады) және Египет, Катар және Сауд Арабиясына диалог бойынша серіктес мәртебесі беріледі деп күтілуде.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/10/27628421_174:0:1107:700_1920x0_80_0_0_c340b6ab509c1713d70e8f6d43665a1c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, шыұ
Тоқаев ШЫҰ Кеңесі саммитінің отырысына қатысып жатыр
12:00 16.09.2022 (жаңартылды: 12:31 09.08.2023) ШЫҰ саммитінің негізгі күн тәртібіне әлемде болып жатқан жаһандық өзгерістерге қатысты ынтымақтастықты тереңдетуді қоса алғанда тағы бірқатар мәселе бар
НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Өзбекстанның Самарқанд қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) шағын құрамдағы саммиті басталды, деп хабарлады Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.
Саммиттің негізгі күнінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары бірқатар маңызды мәселені, соның ішінде әлемде болып жатқан жаһандық өзгерістерге қатысты ынтымақтастықты тереңдету және қауіпсіздікке төнген сын-қатерлерге қарсы тұруды талқылауды көздеп отыр.
Самарқандта Шанхай ынтымақтастық ұйымының шағын құрамдағы саммиті басталды, одан кейін кеңейтілген құрамдағы кездесу өтеді.
Күн тәртібіндегі мәселелердің ауқымы кең. Атап айтқанда, әлемде болып жатқан жаһандық өзгерістерге қатысты ынтымақтастықты тереңдету келешегі, ШЫҰ-ны жаңа геосаяси шынайылыққа бейімдеу міндеттері, ұйымның қызметін модернизациялау, сондай-ақ, қауіпсіздікке төнген сын-қатер мен қауіптерге қарсы тұру механизмдерін жетілдіру, сыртқы саяси үйлестіруді күшейту, экономика саласындағы бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыруға басымдық бере отырып, ұйымның қызметін жетілдіруге баса назар аударылады.
Осы ретте Өзбекстан ШЫҰ саммитіне 40-тан астам келісім мен шешім дайындады, деп мәлімдеді Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев.
Жұма күні таңертең ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің президенттері іс-шара қатысуға Самарқандқа келді. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев оларды қарсы алды. Мемлекет басшылары суретке түсу рәсіміне қатысты.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.
Бақылаушы елдер: Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия, серіктес елдер: Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка.
Самарқандтағы саммитте Иранды қауымдастыққа қабылдау рәсімі аяқталады (міндеттеме туралы меморандумға қол қойылады) және Египет, Катар және Сауд Арабиясына диалог бойынша серіктес мәртебесі беріледі деп күтілуде.