Тоқаев ШЫҰ-да әскери-саяси саладағы ынтымақтастықты күшейтуге шақырды

© AP Photo Флаги стран - членов ШОС, архивное фото
Флаги стран - членов ШОС, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2022
Жазылу
Өңірлік және азық-түлік қауіпсіздігі, логистика және энергетика – президент ШЫҰ-ның орта мерзімді келешектегі даму салаларын атады
НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. ШЫҰ қызметі жарғылық құжаттарда көрсетілген негізгі қағидалардың өзектілігін сенімді түрде көрсетті: "үш зұлымдыққа", яғни экстремизмге, терроризмге, сепаратизмге қарсы күрес. Сондай-ақ, мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау және ішкі істеріне араласпау.
Бұл туралы жұма күні ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Оның айтуынша, ШЫҰ-ның негізгі басымдығы аймақтық қауіпсіздікті нығайту болып табылады.
"Осы өзекті салада бірлескен іс-шараларды көздейтін бұрын қабылданған құжаттарды іске асыруды жалғастыру қажет. Сондықтан қорғаныс ведомстволары мен арнайы қызметтер арасындағы әскери-саяси саладағы ынтымақтастықты арттыруды ұсынамын", - деді Тоқаев.
Президент ұйым мүшелерінің алдында ШЫҰ әлеуетін толық ашу міндеті тұрғанын айтты. Ұйым қызметін одан әрі жетілдіруді жалғастыру және ШЫҰ кеңістігіндегі және одан тыс негізгі үрдістерді болжауды күшейту маңызды.
Тоқаев сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерді қауымдастық ішінде де, одан тыс та ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын кеңейтуді ынталандыруға шақырды.
"ШЫҰ мемлекеттері әлемдегі ең ірі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, экспорттаушылар болып табылады. Біз ШЫҰ аймағында да, одан тыс жерлерде де ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын кеңейтуді ынталандыруымыз керек", - деді Тоқаев саммитте.
15-16 қыркүйекте Самарқандта ШЫҰ саммиті өтіп жатыр. 16 қыркүйек күні таңертең ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының шағын құрамдағы кездесуі өтіп, онда Қазақстан президенті сөз сөйледі.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. Бақылаушы елдер: Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия, серіктес елдер: Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка.
Самарқандтағы саммитте Иранды қауымдастыққа қабылдау рәсімі аяқталады (міндеттеме туралы меморандумға қол қойылады) және Египет, Катар және Сауд Арабиясына диалог бойынша серіктес мәртебесі беріледі деп күтіліп отыр.
Касым-Жомарт Токаев на саммите ШОС в Самарканде  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2022
Саясат
ШЫҰ қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешуге үлес қоса алады – президент
Жаңалықтар
0