ШЫҰ саммиті: Беларусьті қабылдау, туризм жылы және 2040 жылға дейінгі стратегия

© Sputnik / Sergei Bobylev  / Медиабанкке өту Заседание Саммита Шанхайской организации сотрудничества
 Заседание Саммита Шанхайской организации сотрудничества - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. 15-16 қыркүйекте Өзбекстанның Самарқанд қаласында ШЫҰ саммиті өтіп жатыр. Саммит барысында тараптар әлемдік қауіпсіздік пен жаһандық жаңа тәртіпке қатысты мәселелерді талқылап, ынтымақтастықты арттыруды қажет ететін салаларды атап өтті. Бұл туралы толығырақ РИА Новости жазды.
ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген форматтағы отырысында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Беларусьті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүшелікке қабылдау рәсімі басталғанын айтты.
"Біз Беларусь Республикасына Шанхай ынтымақтастық ұйымының толыққанды мүшесі мәртебесін беру рәсімін бастадық", - деді ол.
Мирзиеев сондай-ақ Мысыр мен Катарға диалог бойынша серіктес мәртебесін беру туралы меморандумға қол қоюды құптап, Бахрейн, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері, Мальдив және Мьянма да осындай мәртебе алатынын айтты.
"Мысыр Араб Республикасы мен Катар мемлекетіне диалог бойынша серіктес мәртебесін беру туралы меморандумға қол қоюды құптаймыз. Диалог бойынша серіктес мәртебесін Бахрейн, Мальдив аралдары, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері және Мьянма да алады", - деді Мирзиеев.
Өзбекстан президенті бүгінде ұйымның толыққанды мүшесі ретінде Иранның міндеттемелері туралы меморандумға қол қойылып жатқанын атап өтті.
"Ашықтық және блоктан тыс болу қағидаларын берік ұстанудың арқасында ұйымға мүше елдер арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастар нығайып, халықаралық ынтымақтастық табысты дамып, құрамы кеңейіп келеді", - деді Мирзиеев саммиттің кеңейтілген құрамдағы кеңесінде сөйлеген сөзінде.
Сонымен қатар, Мирзиеев ШЫҰ аясында 2023 жылды туризм жылы деп бекітуді ұсынды.
"Келесі жылды Шынхай ынтымақтастық ұйымы кеңістігінде туризмді дамыту жылы деп жариялауды ұсынамын. Бүгінгі таңда туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді қабылдау арқылы біз бірлескен жұмыс үшін қажетті құқықтық базаны қалыптастырып жатқанымызға сенімдімін", - деді Мирзиёев.
Оның айтуынша, өзара туристік ағындардың артуы, ШЫҰ елдерінде туризм саласындағы бірлескен бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асырылуы мәдениетаралық диалогтың цифрлық платформаларының іске қосылуымен де байланысты. Самарқандтағы саммит қорытындысы бойынша декларацияда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Мирзиеевтің бұл ұсынысын қолдап, халықтардың бай мәдени-тарихи мұрасын және туристік әлеуетін одан әрі ілгерілету мақсатында Үндістанның Варанаси қаласын ұйымның 2022-2023 жылдарға арналған туристік-мәдени астанасы деп жариялау туралы шешім қабылдағаны көрсетілген.
Сондай-ақ, Өзбекстан президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2040 жылға дейін дамыту стратегиясын қабылдауды ұсынды.
"Халықаралық тәжірибені ескере отырып, біз 2040 жылға дейінгі даму стратегиясын дайындауға кірісе аламыз. Бұл бағдарламалық құжат ұйымның көп қырлы ынтымақтастығының барлық саласын қамтуы тиіс", - деді Мирзиёев.
16 қыркүйек күні таңертең ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының шағын құрамдағы кездесуі өтіп, онда Қазақстан президенті сөз сөйледі. Шанхай ынтымақтастық ұйымына Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. Бақылаушы елдер: Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия, серіктес елдер: Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка.
Самарқандтағы саммитте Иранды қауымдастыққа қабылдау рәсімі аяқталады (міндеттеме туралы меморандумға қол қойылады) және Египет, Катар және Сауд Арабиясына диалог бойынша серіктес мәртебесі беріледі деп күтілуде.
Жаңалықтар
0