Әлем

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы атыс басталды

© Sputnik / Наталья СеливерстоваАрхивное фото стреляных гильз
Архивное фото  стреляных гильз - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті тәжік тарапынан қырығыз шекарасына қарай алты жерден оқ атылып жатқанын хабарлады. Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай күрделі деп бағаланып отыр.
Қырғыз шекарашыларының мәліметінше, Тәжікстан тарапы таңғы алтыдан бері Эки-Таш, Чыр-Добо, Құм-Мазар, Орто-Боз жерлері және шекарашыларға қарай атыс қаруы мен минометтен оқ жаудырып бастады, деп хабарлайды Sputnik Кыргызстан.
"Таңғы 6.30-да тәжік тарапы Баткен шекара жасағының Кок-Таш заставасының аумағында минометпен атысты бастады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Баткен шекара жасағының "Самаркандек" шекара заставасы да оқтың астында қалды.
Баткен облысындағы шекарашылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
"Жағдайда тұрақтандыру мен қақтығыстың ұшықпауы үшін барлық шара қабылданып жатыр", - деп хабарлады Қырғызстанның шекара қызметі.
Қырғызстанда бейбіт тұрғындарды қақтығыс болып жатқан шекара маңынан эвакуациялау жүргізіліп жатыр.
Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті қырғыз шекарашылары келісімді бұзып, тәжік шекарасына оқ атқанын және бірнеше ауылға оқ жаудырғанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
0