Қоғам

Қостанай облысында "салық қызметкері" тексеріс жүргізіп, ақша бопсалаған

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысында белгісіз біреу өзін салық қызметкері ретінде таныстырып, тексеріс жүргізіп, ақша бопсалаған, деп хабарлайды қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті.
Облыстық департаменттің сенім телефонына Қостанай қаласында белгісіз біреу өзін салық қызметкері ретінде таныстырып, фискалдық чектердің берілуін тексеріп, кәсіпкерлерге қоқан-лоққы көрсетіп, ақша бопсалағаны туралы хабар түскен.
"Мемлекеттік кірістер комитеті аталған тұлғаның мемлекеттік кірістер органдарына еш қатысы жоқ екенін хабарлайды", - деп мәлімдеді комитеттегілер.
Айта кетері, салық тексерісі тексеруге жататын мәселелер көрсетілген нұсқама негізінде жүргізіледі.
Сондай-ақ Салық кодексінің 156-бабы 1,2-тармақшаларына сәйкес, салық төлеуші салық тексерісі кезінде:
салық органынан тексеріс жүргізу тәртібіне қатысты Салық кодексінің және Қазақстан заңнамасының ережелері туралы ақпаратты сұратуға және олардан алуға;
салық тексерісін жүргізетін салық органдарының лауазымды тұлғаларынан салық тексерісін жүргізу туралы нұсқаманы, сондай-ақ қызметтік куәлікті немесе сәйкестендіру карталарын ұсынуды талап етуге құқылы.
Комитет мемлекеттік кіріс органдарының қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттерге, дөрекілікке, заңсыз талаптарға немесе сыбайлас жемқорлық белгілеріне тап болған қазақстандықтардан 8-7172-71-80-05 нөміріне немесе аумақтық департаменттердің сенім телефонына хабарласуын сұрады.
Жаңалықтар
0