https://sputnik.kz/20220916/qostanay-oblysy-ort-smayylov-uyler-27640303.html
Қостанай облысындағы өрт: Смайылов салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты
Қостанай облысындағы өрт: Смайылов салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты
Sputnik Қазақстан
Премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды 16.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-16T16:38+0500
2022-09-16T16:38+0500
2022-09-16T16:38+0500
өңірлер
әлихан смайылов
қостанай облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/09/10/27640427_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_7ac6bd6c16869445397ec2be1e8f2dc3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Үкімет басшысы Әулиекөл ауылына барып, алапат орман өрті салдарынан баспанасыз қалған азаматтарға арнап салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысымен танысты, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.Қазіргі уақытта арнайы бөлінген 12 га аумақта 91 үй салынып жатыр, әрқайсысының ауданы – 100 шаршы метр. Үйлердің маңайындағы жер учаскелеріне барлық қажетті инфрақұрылым – газ, су, электр энергиясы тартылады. Үйлерге апаратын жолдарға асфальт төселеді.Болашақта үйлерді су баспау үшін ҚазҚСҒЗИ жобалау институты геологиялық ізденіс негізінде іргетасты жерасты суларынан 2,5 м қашықтықта орнату бойынша жоба әзірледі.Премьер-министрдің тапсырмасымен алаңда орнатылған бейнекамералардың арқасында құрылыс барысы онлайн режимде бақыланып отыр.Әлихан Смайылов барлық қажетті жұмысты жүргізу үшін үкімет 2,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлгенін атап өтті.Содан кейін премьер-министр Әулиекөл ауылындағы мектеп базасында құрылған эвакуациялық пунктіге барып, зардап шеккендермен кездесті."Тұрғындардың алапат табиғи өрт салдарынан қандай қиын жағдайға тап болғанын білеміз. Осындай қиын сәтте мемлекет барлық қажетті қолдауды жылдам көрсетті. Бұл жұмыс жалғасады", — деді Смайылов.Қауіпсіз жерлерге көшірілген тұрғындар мемлекеттің назар аударып, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/10/27640427_84:0:1220:852_1920x0_80_0_0_903a412551e126f9b8b341f0af935e9a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов, қостанай облысы
әлихан смайылов, қостанай облысы
Қостанай облысындағы өрт: Смайылов салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты
Премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды
НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Үкімет басшысы Әулиекөл ауылына барып, алапат орман өрті салдарынан баспанасыз қалған азаматтарға арнап салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысымен танысты, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта арнайы бөлінген 12 га аумақта 91 үй салынып жатыр, әрқайсысының ауданы – 100 шаршы метр. Үйлердің маңайындағы жер учаскелеріне барлық қажетті инфрақұрылым – газ, су, электр энергиясы тартылады. Үйлерге апаратын жолдарға асфальт төселеді.
Болашақта үйлерді су баспау үшін ҚазҚСҒЗИ жобалау институты геологиялық ізденіс негізінде іргетасты жерасты суларынан 2,5 м қашықтықта орнату бойынша жоба әзірледі.
Премьер-министрдің тапсырмасымен алаңда орнатылған бейнекамералардың арқасында құрылыс барысы онлайн режимде бақыланып отыр.
Әлихан Смайылов барлық қажетті жұмысты жүргізу үшін үкімет 2,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлгенін атап өтті.
"Қазір әкімдік пен мердігерлердің алдында құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде – 2 айда сапалы аяқтау міндеті тұр. Бұл мәселе мемлекет басшысы мен үкіметтің ерекше бақылауында. Сондықтан тапсырмаға аса жауапкершілікпен қарау керек", — деді ол мердігер компаниялардың өкілдеріне.
Содан кейін премьер-министр Әулиекөл ауылындағы мектеп базасында құрылған эвакуациялық пунктіге барып, зардап шеккендермен кездесті.
"Тұрғындардың алапат табиғи өрт салдарынан қандай қиын жағдайға тап болғанын білеміз. Осындай қиын сәтте мемлекет барлық қажетті қолдауды жылдам көрсетті. Бұл жұмыс жалғасады", — деді Смайылов.
Қауіпсіз жерлерге көшірілген тұрғындар мемлекеттің назар аударып, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.