Қоғам

Қарағандыда мүгедектерді емдеуге бөлінген 50 миллион теңгені жымқырған

© Sputnik / Абзал КалиевЗаседании коллегии агентства по противодействию коррупции по итогам года
Заседании коллегии агентства по противодействию коррупции по итогам года - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды ​​облысында мүмкіндігі шектеулі жандарды емдеуге бюджеттен бөлінген 50 миллион теңге ұрланған.
Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаменті бюджет қаражатын жымқырудың анықталған қылмыстық схемасы бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қаражат шипажай-курорттық емдеуді пайдалануға, мүмкіндігі шектеулі адамдардың сауықтыру демалысына бөлінген.
"Тапсырыс беруші мен ЖШС арасында орындау мерзімі наурыздан желтоқсанға дейін 50 миллион теңгеге жуық сомаға мүгедектерді емдеу және демалу үшін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғаны анықталды", - деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігіндегілер.
Сауықтыру шипажайына науқастарды емдеу фактілерін жалған дерек дайындау арқылы бір жарым миллион теңгеге жуық ақша негізсіз төленген, деп қосты агенттікте.
Іс бойынша тергеу жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0