https://sputnik.kz/20220916/pakistan-premeri-gumanitarlyq-komek-toqaev-algys-27641876.html
Пәкістан премьері гуманитарлық көмек үшін Тоқаевқа алғыс айтты
Пәкістан премьері гуманитарлық көмек үшін Тоқаевқа алғыс айтты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның Самарқанд қаласында Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен... 16.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-16T17:29+0500
2022-09-16T17:29+0500
2022-09-16T17:29+0500
саясат
пәкістан
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/09/10/27642063_0:32:1280:752_1920x0_80_0_0_c0fcfffa31d97933d038828704c44d3c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның Самарқанд қаласында Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифке ілтипат білдіре отырып, жуырда Пәкістанда болған жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза болуына және оның елге айтарлықтай зардабын тигізуіне байланысты тағы да көңіл айтты.Мемлекет басшысы Қазақстанның достас Пәкістан халқына шынайы тілеулестігінің белгісі ретінде табиғи апаттан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсеткенін және бұл елді алдағы уақытта да қолдауға дайын екенін нақтылады.Президент екі ел берік серіктестік пен мазмұнды саяси диалог орнатып, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық байланыстарды нығайту үшін белсенді жұмыс істеп жатқанына тоқталды.Өз кезегінде Шахбаз Шариф қиын-қыстау жағдайда еліне қолдау көрсеткені үшін Қазақстан президентіне зор ризашылығын білдірді. Пәкістан премьер-министрі жойқын су тасқыны климаттың өзгеруі салдарынан болып отырғанын айтты.Ол Қазақстан мен Пәкістан арасындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін, сондай-ақ екі елдің сауда-экономикалық серіктестігін арттыруға ықпал ететінін жеткізді.Сонымен қатар кездесуде өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.Бұған дейін президенттің тапсырмасымен Қазақстан үкіметі Пәкістан Ислам Республикасына адам өліміне әкеп соққан нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарын жою үшін 400 мың доллар мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсететіні хабарланған еді.
пәкістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/10/27642063_118:0:1163:784_1920x0_80_0_0_06f59226fe349108625d9e8000b7af5f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пәкістан, қасым-жомарт тоқаев
пәкістан, қасым-жомарт тоқаев
НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның Самарқанд қаласында Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифке ілтипат білдіре отырып, жуырда Пәкістанда болған жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза болуына және оның елге айтарлықтай зардабын тигізуіне байланысты тағы да көңіл айтты.
Мемлекет басшысы Қазақстанның достас Пәкістан халқына шынайы тілеулестігінің белгісі ретінде табиғи апаттан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсеткенін және бұл елді алдағы уақытта да қолдауға дайын екенін нақтылады.
Президент екі ел берік серіктестік пен мазмұнды саяси диалог орнатып, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық байланыстарды нығайту үшін белсенді жұмыс істеп жатқанына тоқталды.
Өз кезегінде Шахбаз Шариф қиын-қыстау жағдайда еліне қолдау көрсеткені үшін Қазақстан президентіне зор ризашылығын білдірді. Пәкістан премьер-министрі жойқын су тасқыны климаттың өзгеруі салдарынан болып отырғанын айтты.
Ол Қазақстан мен Пәкістан арасындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін, сондай-ақ екі елдің сауда-экономикалық серіктестігін арттыруға ықпал ететінін жеткізді.
Сонымен қатар кездесуде өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.
Бұған дейін президенттің тапсырмасымен Қазақстан үкіметі Пәкістан Ислам Республикасына адам өліміне әкеп соққан нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарын жою үшін 400 мың доллар мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсететіні хабарланған еді.