https://sputnik.kz/20220916/nazarbaev-elordanyn-bas-meshitinde-zhuma-namazga-qatysty-27633298.html
Назарбаев елорданың бас мешітінде жұма намазға қатысты
Назарбаев елорданың бас мешітінде жұма намазға қатысты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Бүгін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев жұма намазын оқу үшін астананың бас мешітіне барды. 16.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-16T13:50+0500
2022-09-16T13:50+0500
2022-09-16T13:51+0500
қоғам
назарбаев
https://sputnik.kz/img/07e6/09/10/27633013_0:123:2183:1350_1920x0_80_0_0_c96c5f8e9cfde18a3d0050b69f0823eb.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Бүгін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев жұма намазын оқу үшін астананың бас мешітіне барды.Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.Сондай-ақ Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрметті қонағы "Әл-Азһар" университетінің Жоғарғы имамы Ахмед ат-Тайебті қарсы алды.Айта кетері, бүгін, 16 қыркүйекте парламенттің қос палатасы Нұр-Сұлтан қаласына бұрынғы Астана атауын қайтару туралы конституциялық түзетуді қолдап, заң қабылдады. Енді оған президент қол қоюға тиіс.Еске салсақ, 2019 жылы қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Астана атауы ресми түрде Нұр-Сұлтан деп өзгертілген болатын.Ал биыл 2 қыркүйекте мәжілістегі "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері елордаға бұрынғы атауын қайтару туралы бастама көтерді. Мемлекет басшысы да олардың ұсынысымен келісті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/10/27633013_0:0:2183:1637_1920x0_80_0_0_f6f1ac7244bfe745412f072294d33f6f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
назарбаев
НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Бүгін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев жұма намазын оқу үшін астананың бас мешітіне барды.
Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.
Сондай-ақ Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрметті қонағы "Әл-Азһар" университетінің Жоғарғы имамы Ахмед ат-Тайебті қарсы алды.
Айта кетері, бүгін, 16 қыркүйекте парламенттің қос палатасы Нұр-Сұлтан қаласына бұрынғы Астана атауын қайтару туралы конституциялық түзетуді қолдап, заң қабылдады. Енді оған президент қол қоюға тиіс.
Еске салсақ, 2019 жылы қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Астана атауы ресми түрде Нұр-Сұлтан деп өзгертілген болатын.
Ал биыл 2 қыркүйекте мәжілістегі "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері елордаға бұрынғы атауын қайтару туралы бастама көтерді. Мемлекет басшысы да олардың ұсынысымен келісті.