Спорт

Хабиб Нурмагомедов GGG-ге сәттілік тіледі

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуХабиб Нурмагомедов
Хабиб Нурмагомедов - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге Канелоға қарсы жекпе-жекте сәттілік тіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
17 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі өтеді. Ол үшін қазақстандық боксшы екінші орта салмаққа (76,2 келіге дейін) көтерілді.
Головкин төрт титул үшін таласады. Төртеуі де Канелода. Олар: WBC, WBA, WBO мен IBF. Бұған дейін Головкин орта салмақта ғана (72 келі) өнер көрсеткен.
"Сәттілік саған, Гена! Бұны жанкүйерлерің үшін жасап берші", - деп жазды ресейлік спортшы әлеуметтік желіде.
Айта кетері, АҚШ пен Қазақстанның уақыт айырмашылығына байланысты қазақстандықтар жекпе-жекті жексенбі күні, 18 қыркүйекте таңғы сағат 8:00-дің кезінде көре алады. Оған дейін андеркарттағы жекпе-жектер өтеді. Бокс кеші 5:00-де басталады. Ал Qazaqstan телеарнасы GGG-Канело жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді.
Жаңалықтар
0