Еуропада энергия ресурстарының тапшылығы туындауы мүмкін

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуДжозеф Байден
Джозеф Байден - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2022
Жазылу
Батыстағы БАҚ-та америкалық мұнай және газ өндіруші компания басшыларының Еуропаны көмірсутекті тасымалдағыштар тапшылығынан құтқара алмайтыны және еуропалықтарға өндірістің қысқаруы мен жарық пен жылудың ажыратылуы секілді қиындықтарға қазірден дайын болуы керектігі туралы сұхбаттары жиі жарық көре бастады. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Алайда, бір қызығы, Брюссельден ресейлік көмір, мұнай мен газды жеткізуге барлық ықтимал шектеуді енгізуді дәл осы Вашингтон талап еткен еді. Олар эмбарго енгізілуі ресейлік экономиканы құлдыратып, бюджетті тоқыратады деп күтті. Себебі, олардың көбі ресейлік бюджет энергия ресурстарының, соның ішінде ресейлік экспорттың негізгі нарығы саналатын Еуропаға саудасынан түсетін валюталық салымға негізделеді деп ойлады. АҚШ өзінің сланецті мұнайы мен сұйылтылған газын трансконтиненталдық жеткізулерді арттыру арқылы одақтастарын құтқарамын деп уәде етті.
Алайда, ресейлік көмірді сатып алуға толық тыйым салынғаннан кейін және мұнай бағасына шек қою әрекетінен соң кенеттен азайып қалған көлемді алмастыру өте қиын екені анықталды. Ал басқа елдерден жеткізілген шикізат бірнеше есе қымбат болды. Мысалы, энергетикалық маркалы көмірдің бір тоннасының бағасы сенімді түрде 350 доллардан жоғары болып тұр. Бұл бір жыл бұрынғыдан кемінде үш есе жоғары.
Күні кеше мұнай нарығындағы жағдайды АҚШ-тың қаржы министрі Джэнет Йеллен өте түсінікті сипаттап берді. Ресейлік мұнай импортына толық тыйым салынғаннан кейін бұл бағаның күрт шарықатуына әкеледі. Ал мұндай мүмкіндік әлі де қарастырылып жатыр және эмбарго жылдың соңына дейін күшіне енуі мүмкін. Ол кезде бір бөшке мұнай 100 долларға бағаланады. Кейбір америкалық экономистер мен аналитикалық агенттіктер бұл шек тіпті 120-140 долларға дейін жетеді деген болжам айтып жатыр.
Айта кету керек, америкалықтар еуропалық импорттағы өз үлесін расында да қатты және күрт арттырды. Мысалы, сәуірде, яғни арнайы әскери операция басталғаннан кейін және Ресей жеткізілеріне біртіндеп тыйым салынғанынан екі ай өтпей жатып, америкалық мұнайшылар еуропалықтарға тәулігіне рекордтық 1,5 миллион баррель мұнай сатты. Табиғи газ экспорты да өсті – бір ғана шілде айында америкалықтар еуропалық порттарға жалпы көлемі 57 миллиард текше метр сұйылтылған табиғи газ жеткізді.
"Осылайша, Ескі Әлем шетелде сатылатын барлық америкалық газдың 68 процентін құрайтын негізгі сату нарығына айналды. Сонымен қатар, президент Байден әкімшілігі қосымша 15 миллиард текше метр көлемінде жеткізілімдерді одан әрі арттыруға уәде берді. Осының барлығы тұтастай алғанда Еуроодаққа энергетикалық дағдарысқа өз еркімен аяқ басуға әсер етті", - деп жазды мақала авторы.
Оның пікірінше, іс жүзінде, бір сатушы сатып алушыны қорқыту әрі оған үлкен көлемді уәде ету арқылы өз бәсекелесін ығыстырып тастаған жағдай тіркелді. Енді еуропалықтар мұхиттың арғы жағында мұнай мен газ тапшылығы туындағанын көріп отыр.
Мысалы, мұнай-газ секторына инвестиция салуға негізделген Quantum Energy Partners ірі акционерлік компаниясының өкілі қазір де, жақын болашақта да өндірісті арттыру мүмкін еместігін ашық айтады. Ол "мұнай бойынша да, газ бойынша да көмек болмайды" деп кесіп айтты.
Pioneer Natural Resources бұрғылау компаниясының әріптестері де бұл сөзді растап отыр. Аталған мекеменің директоры АҚШ-тағы бұрғылау қондырғыларының саны өткен жылы өзгеріссіз қалғанын және олардың санын көбейту жоспарда жоқ екенін айтты. Оның үстіне шикі мұнай өндіру тіпті күніне шамамен бір миллион баррельге азаяды деп күтіліп отыр.
Еуроодақ тарапынан одан әрі шектеулер енгізуі шешілген мәселе болғандықтан, жыл соңына дейін ресейлік мұнай мен оның өнімдерін Еуропаға экспорттау көлемі кем дегенде 20 процентке төмендейді деп күтілуде. Нарықтар жедел түрде әрекет етіп, соңғы аукционда Brent мұнайының баррелі 95 долларды құрады. Шетелден айтылған мәлімдемелер мен жеткізулердің алдағы уақыттағы төмендеуін ескере отырып, қара алтынның бағасы арзандамайды деп сенімді түрде айтуға болады.
Александр Новактың Еуроодаққатабиғи газ экспорты шамамен 50 миллиардқа қысқаруы мүмкін екені туралы болжамы отқа май құйғандай болды. Бұл 2021 жылдың қорытындысымен салыстырғанда үштен бірге қысқаруды білдіреді. Бірақ бұл Ресей бюджетіне түсім азаяды деген сөз емес. Жақын арада қуаттылығы дәл осындай 50 миллиард текше метрлік "Сібір қуаты – 2" магистральді газ құбырының құрылысын келісу бойынша соңғы келіссөздер жүргізілмек. Жақын болашақта бұл құбыр арқылы кем дегенде 20 миллиард текше метр көгілдір отын айдалады. Владивостоктан Қытайдың солтүстік бөлігіне тартылатын газ құбыры да техникалық әзірлемедайындау сатысында тұр. Бұл тағы 10 миллиард текше метр. Иә, аталған жобалар тап ертең іске қосылмайды. Бірақ құбырлар желісі ресейлік нарықты қажеттілік тұрғысынан Азия-Тынық мұхиты аймағындағы алаңдармен байланыстырылады.
Ал америкалық энергетиктердің мәлімдемелері Еуропада халық наразылығы өршуінен бастап саяси блоктың ыдырауына дейінгі күтпеген жағдайлар туғызуы ықтимал.
Күні кеше Польшаның премьер-министрі Германияны қазіргі дағдарысты тудырды деп айыптады. Моравецкий Еуропаның энергетикалық өнеркәсібі күйрегенін және оған Берлиннің көмір және атом электр станцияларынан мерзімінен бұрын бас тартуы, сондай-ақ "Солтүстік ағынға" шектен тыс тәуелділік себеп екенін айтты. Сонымен қатар Польша немістерден Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы репарация жылдары үшін триллион доллардан астам өтемақы талап ететінін жариялады.
Автор жазғандай, бұл энергетикалық дағдарыстан шыққан жүйелі саяси дағдарысты білдіреді. Еуропа ішіндегі мемлекетаралық шиеленістің өршуі Еуропадағы дағдарысты айқын көрсетіп тұр.
Жаңалықтар
0