Өңірлер

Ұлытау облысына елордадан жаңа жолаушылар пойызы қатынайды

© Photo : пресс-служба АО "НК "КТЖ"Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2022
Жазылу
Пойыз Тальго вагондарынан құралған
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" компаниясы Нұр-Сұлтан қаласынан Жезқазғанға жаңа №65/66 жолаушылар пойызын іске қосады.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің ақпаратынша, пойыз күнара жүреді: жұп күндері – Нұр-Сұлтаннан, тақ күндері – Жезқазғаннан.
"Тальго вагондарынан құралған пойызда – 344 орын. Вагондар ауа баптау жүйесімен және биоәжетханалармен жабдықталған. Әр купеде розеткалар бар. Сонымен қатар, жолаушылар жол бойы Vputi.kz мультимедиялық порталында фильм көріп, музыка тыңдай алады", - делінген хабарламада.
Бұған қоса пойызда вагон-мейрамхана да жұмыс істейді. Душ кабиналары тек Grand және Grand PMR класындағы вагондарда (мүгедектігі бар адамдарға арналған) қарастырылған.
Компания № 65/66 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Жезқазған" пойызына билет сату басталғанын мәлімдеді.
Еске салсақ, биыл қыркүйек айының басында Талго вагондарынан құралған №73/74 "Алматы-2-Жезқазған" бағытындағы пойыз жолға шыққан болатын.
Жаңалықтар
0