https://sputnik.kz/20220915/samuryq-qazyna-qory-aes-zhobasyn-zhuzege-asyruga-kiristi-27608776.html
"Самұрық-Қазына" қоры АЭС жобасын жүзеге асыруға кірісті
"Самұрық-Қазына" қоры АЭС жобасын жүзеге асыруға кірісті
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. "Самұрық-Қазына" қоры АЭС салу жобасын іске асыруға кірісті. Бұл туралы басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді, деп... 15.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-15T13:47+0500
2022-09-15T13:47+0500
2022-09-15T14:12+0500
қоғам
самұрық-қазына
https://sputnik.kz/img/07e5/09/05/18045420_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_87ad4a734a816de6d3284aeabc514ff8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. "Самұрық-Қазына" қоры АЭС салу жобасын іске асыруға кірісті. Бұл туралы басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ол бұл бағыттағы жұмыс туралы мүдделі тұлғаларға, журналистерге және қоғамға хабар беретінін атап өтті.Айтуынша, Қазақстан Франция, Түркия, Венгрия, Кореядағы атом электр станцияларын зерделеген. Қытайдағы атом электр станциясына барған. Атап айтқанда, "ядролық аралдың" жеткізушілер ретінде Росатомның, Қытайдың СNC, кореялық және франциялық компаниялардың ұсынысы қаралып жатыр. "Әрқайысының оң және кемшін тұстары, халықаралық жобалардағы тәжірибесі бар", - деді басқарма төрағасы.Генерациялайтын жабдықтар бойынша негізгі жеткізушілер – General Electric, СNC және кореялық KHNP болуы мүмкін. "Осы үш компанияның бірінің жабдығы атом электр станциясын салуда пайдаланылуы әбден мүмкін", - деді Сатқалиев. Ал негізгі қосалқы жабдықтарды өндіруде неміс, швед, франциялық компаниялардың тәжірибесі мол, деп атап өтті Самұрық Қазына басшысы. Соңғы шешімді үкімет қабылдайды. Ең бастысы біз Қзақстанда ең сенімді технологияны қолданылу керек екенін түсінуіміз керек.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/05/18045420_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_43ab2b8fb9e757bce099912907d46dae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
самұрық-қазына
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. "Самұрық-Қазына" қоры АЭС салу жобасын іске асыруға кірісті. Бұл туралы басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Энергетикалық балансқа жасалған болжам 2032 жылға дейін қуаты 2400 мегаваттқа дейін атом электр станциясын салу қажеттілігін көрсетті. Сол себепті үкімет басшылығымен қор аталған жобаны іске асыруға кірісті", - деді Сатқалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Ол бұл бағыттағы жұмыс туралы мүдделі тұлғаларға, журналистерге және қоғамға хабар беретінін атап өтті.
Айтуынша, Қазақстан Франция, Түркия, Венгрия, Кореядағы атом электр станцияларын зерделеген. Қытайдағы атом электр станциясына барған.
"Жалпы Самұрық-Қазына, үкімет және энергетика министрлігі аталған жобаны барлық ең үздік технологияны ескеретін халықаралық инвесторлар пулымен жүзеге асырылуы керек деген пайымға келді", - деді Сатқалиев.
Атап айтқанда, "ядролық аралдың" жеткізушілер ретінде Росатомның, Қытайдың СNC, кореялық және франциялық компаниялардың ұсынысы қаралып жатыр.
"Әрқайысының оң және кемшін тұстары, халықаралық жобалардағы тәжірибесі бар", - деді басқарма төрағасы.
Генерациялайтын жабдықтар бойынша негізгі жеткізушілер – General Electric, СNC және кореялық KHNP болуы мүмкін.
"Осы үш компанияның бірінің жабдығы атом электр станциясын салуда пайдаланылуы әбден мүмкін", - деді Сатқалиев.
Ал негізгі қосалқы жабдықтарды өндіруде неміс, швед, франциялық компаниялардың тәжірибесі мол, деп атап өтті Самұрық Қазына басшысы. Соңғы шешімді үкімет қабылдайды. Ең бастысы біз Қзақстанда ең сенімді технологияны қолданылу керек екенін түсінуіміз керек.