https://sputnik.kz/20220915/samarqandtagy-shyu-sammiti-taraptar-birinshi-kuni-ne-talqylady-27629467.html
Самарқандтағы ШЫҰ саммиті: тараптар бірінші күні не талқылады
Самарқандтағы ШЫҰ саммиті: тараптар бірінші күні не талқылады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Самарқандта Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды. Ұйымға мүше мемлекеттердің көшбасшылары қатысатын бұл шара 15-16... 15.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-15T20:26+0500
2022-09-15T20:26+0500
2022-09-16T15:27+0500
саммит
әлем
https://sputnik.kz/img/13/71/137104_0:0:963:541_1920x0_80_0_0_ba49ca4de961f788dffcb9205e7429f3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Самарқандта Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды. Ұйымға мүше мемлекеттердің көшбасшылары қатысатын бұл шара 15-16 қыркүйек күндері өтеді.Саммит аясындағы алғашқы жаңалықтың бірі – Иран Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіруге жол ашатын меморандумға қол қойды. Бұл туралы Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің өкілі хабарлады."Бүгін Иранның ШЫҰ алдындағы міндеттемелері туралы меморандумға қол қойылды. Бұл елдің ұйымға толыққанды мүшелігіне жол ашады", - деді министрлік өкілі.Құжатқа Иран сыртқы істер министрі Хоссейн Әмір Абдоллахиан мен ШЫҰ бас хатшысы Чжан Мин қол қойды. РФ президенті Владимир Путин Иран президенті Ибрагим Раисимен кездесуде Ресей Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына толыққанды мүшесі болуы үшін барлығын жасап жатыр, соңғы рәсім қалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол келесі аптада ресейлік делегация жұмыс сапарымен Иранға баратынын да хабарлады. Айта кету керек, ислам республикасының ұйымға кіру рәсімі 2021 жылдың қыркүйегінде Душанбеде өткен саммитте басталды.Жалпы Самарқандтағы саммит аясында ұйымға мүше елдердің президенттері екіжақты кездесулер өткізіп, ынтымақтасты арттыру мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Ресей президенті Владимир Путин Қытай көшбасшысы Си Цзиньпинмен кездесуде әлемдегі ахуалды, қауіпсіздік пен жаңа жаһандық тәртіп жайын сөз етті.Ал ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қытай мүдделі мемлекеттермен бірге әлемді тұрақты даму жолына түсіруге дайын екенін мәлімдеді."Қазір туындап отырған жаһандық ауқымдағы орасан зор өзгерістер аясында біз әлемді тұрақты дамытуға мүдделі әріптестерімізбен бірлесе отырып, адамзат баласын тең құқықтық әрі көпполярлы әлемге бастауға дайынбыз", - деді Қытай көшбасшысы.Сондай-ақ, Ресей, Қытай және Моңғолия елдерінің үшжақты кездесуінде бірқатар ауқымды келісімге қол жетті. Алдағы уақытта аталған мемлекеттердің үкіметтері мен сарапшылары оның аясында талқылау жүргізіп, іс-шараларды жүзеге асыруы тиіс."Барлық саладағы тәжірибелік ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аудару қажет. Менің ойымша, біз жаңа ғана талқылаған келісімдер аясында тәжірибелік, кәсіби деңгейде біздің сарапшылар, елдеріміздегі үкіметтер осы келісімдердің барлығын жүзеге асыруы сөзсіз тиімді болады", - деді Путин.Саммитің бірінші күні ШЫҰ елдерінің көшбасшылары арнайы дайындалған аллеяға бірге ағаш отырғызды. Сонымен қатар, бұл шарадан кейін президенттер Өзбекстандағы "Мәңгілік қала" мәдени-этнографиялық кешеніне барып қайтты.Сонымен қатар, Путин Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен кездесуде Ресейден Пәкістанға құбыр арқылы газ жеткізу мүмкін екенін, бұл үшін инфрақұрылымның бір бөлігі қазірдің өзінде дайындалып жатқанын айтты.Бейсенбі күні Самарқандта ШЫҰ-ның екі күндік саммиті аясындағы шаралар басталды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер көшбасшылары кеңесінің отырысына қатысады. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылдау жоспарланып отырғаны атап өтілді.Шанхай ынтымақтастық ұйымына Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. Бақылаушы елдер: Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия, серіктес елдер: Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка.Самарқандтағы саммитте Иранды қауымдастыққа қабылдау рәсімі аяқталады (міндеттеме туралы меморандумға қол қойылады) және Мысыр, Катар және Сауд Арабиясына диалог бойынша серіктес мәртебесі беріледі деп көзделіп отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/13/71/137104_118:0:839:541_1920x0_80_0_0_19e90c4acbfcd2c53113fd1569f3a906.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
саммит
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Самарқандта Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды. Ұйымға мүше мемлекеттердің көшбасшылары қатысатын бұл шара 15-16 қыркүйек күндері өтеді.
Саммит аясындағы алғашқы жаңалықтың бірі – Иран Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіруге жол ашатын меморандумға қол қойды. Бұл туралы Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің өкілі хабарлады.
"Бүгін Иранның ШЫҰ алдындағы міндеттемелері туралы меморандумға қол қойылды. Бұл елдің ұйымға толыққанды мүшелігіне жол ашады", - деді министрлік өкілі.
Құжатқа Иран сыртқы істер министрі Хоссейн Әмір Абдоллахиан мен ШЫҰ бас хатшысы Чжан Мин қол қойды. РФ президенті Владимир Путин Иран президенті Ибрагим Раисимен кездесуде Ресей Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына толыққанды мүшесі болуы үшін барлығын жасап жатыр, соңғы рәсім қалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол келесі аптада ресейлік делегация жұмыс сапарымен Иранға баратынын да хабарлады. Айта кету керек, ислам республикасының ұйымға кіру рәсімі 2021 жылдың қыркүйегінде Душанбеде өткен саммитте басталды.
Жалпы Самарқандтағы саммит аясында ұйымға мүше елдердің президенттері екіжақты кездесулер өткізіп, ынтымақтасты арттыру мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Ресей президенті Владимир Путин Қытай көшбасшысы Си Цзиньпинмен кездесуде әлемдегі ахуалды, қауіпсіздік пен жаңа жаһандық тәртіп жайын сөз етті.
Ал ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қытай мүдделі мемлекеттермен бірге әлемді тұрақты даму жолына түсіруге дайын екенін мәлімдеді.
"Қазір туындап отырған жаһандық ауқымдағы орасан зор өзгерістер аясында біз әлемді тұрақты дамытуға мүдделі әріптестерімізбен бірлесе отырып, адамзат баласын тең құқықтық әрі көпполярлы әлемге бастауға дайынбыз", - деді Қытай көшбасшысы.
Сондай-ақ, Ресей, Қытай және Моңғолия елдерінің үшжақты кездесуінде бірқатар ауқымды келісімге қол жетті. Алдағы уақытта аталған мемлекеттердің үкіметтері мен сарапшылары оның аясында талқылау жүргізіп, іс-шараларды жүзеге асыруы тиіс.
"Барлық саладағы тәжірибелік ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аудару қажет. Менің ойымша, біз жаңа ғана талқылаған келісімдер аясында тәжірибелік, кәсіби деңгейде біздің сарапшылар, елдеріміздегі үкіметтер осы келісімдердің барлығын жүзеге асыруы сөзсіз тиімді болады", - деді Путин.
Саммитің бірінші күні ШЫҰ елдерінің көшбасшылары арнайы дайындалған аллеяға бірге ағаш отырғызды. Сонымен қатар, бұл шарадан кейін президенттер Өзбекстандағы "Мәңгілік қала" мәдени-этнографиялық кешеніне барып қайтты.
Сонымен қатар, Путин Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен кездесуде Ресейден Пәкістанға құбыр арқылы газ жеткізу мүмкін екенін, бұл үшін инфрақұрылымның бір бөлігі қазірдің өзінде дайындалып жатқанын айтты.
Бейсенбі күні Самарқандта ШЫҰ-ның екі күндік саммиті аясындағы шаралар басталды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер көшбасшылары кеңесінің отырысына қатысады. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылдау жоспарланып отырғаны атап өтілді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. Бақылаушы елдер: Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия, серіктес елдер: Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка.
Самарқандтағы саммитте Иранды қауымдастыққа қабылдау рәсімі аяқталады (міндеттеме туралы меморандумға қол қойылады) және Мысыр, Катар және Сауд Арабиясына диалог бойынша серіктес мәртебесі беріледі деп көзделіп отыр.