Қостанай облысындағы өрт: орман шаруашылығының басшысы қамауға алынды

© Photo : МЧС РККостанай облысы
Костанай облысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Әулиекөл ауданындағы орман өртіне қатысты тергеу амалдары аясында Басаман орман шаруашылығы мекемесінің басшысы қамауға алынды, деп хабарлайды Қостанай облыстық прокуратурасы.
"Қостанай облысының прокуратурасы 13 қыркүйекте "Басаман орман шаруашылығы мекемесі" КММ-нің басшылығына қатысты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын (ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы) бастады", - делінген хабарламада.
Сол күні мекеме басшысы Қылмыстық-процестік кодекстің128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
15 қыркүйекте сотпен мекеме басшысына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.
"Тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деп хабарлады ведомстводан.
Жаңалықтар
0