https://sputnik.kz/20220915/prezident-khalyqaralyq-khokkey-federatsiyasynyn-prezidentin-qabyldady-27607048.html
Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын өткізуге дайын – президент
Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын өткізуге дайын – президент
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы халықаралық хоккей федерациясының президенті Люк Тардифті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 15.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-15T12:29+0500
2022-09-15T12:29+0500
2022-09-15T12:29+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
хоккей
https://sputnik.kz/img/1210/50/12105086_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_b36439b4765a52695bf400e23d0477cf.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы халықаралық хоккей федерациясының президенті Люк Тардифті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Кездесуде хоккей спортын дамытудың және кеңінен танытудың перспективалары, сондай-ақ елімізде ірі халықаралық турнирлер өткізу мәселесі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Люк Тардифке Қазақстан хоккейінің жетістіктері, отандық спортты дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар мен спорт инфрақұрылымының мүмкіндіктері туралы айтты.Мемлекет басшысы елімізде хоккей спортына қызығушылық артып келе жатқанын, балалар мен жасөспірімдерге арналған хоккей мектептері мен жастар командаларының саны көбейгенін атап өтті. Бүгінде спорттың осы түрімен 14 мың аса адам шұғылданады.Кездесу барысында спорт инфрақұрылымдарының мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Осы ретте президент еліміздің 2027 жылы әлем чемпионатын өткізуге жолдаған өтінімі 2023 жылы мамырдағы дауыс беру кезінде қолдау тапса, Қазақстанның осы шараны ұйымдастыруға дайын екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық хоккей федерациясы өз тарихында Азия құрлығында ешқашан жоғары деңгейдегі чемпионаттар өткізбегенін атап өтті. Халықаралық хоккей федерациясының президенті кездесуге мүмкіндік бергені үшін мемлекет басшысына алғыс айтып, Қазақстанда хоккей спортын дамытуға көңіл бөлініп жатқанын жоғары бағалады. Сондай-ақ еліміз халықаралық жарыстарды өте жоғары деңгейде өткізуге қажет барлық инфрақұрылымға ие екенін жеткізді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1210/50/12105086_223:0:2000:1333_1920x0_80_0_0_8ae83ecdab78ff3cbba73a30548cade2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, хоккей
қасым-жомарт тоқаев, хоккей
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы халықаралық хоккей федерациясының президенті Люк Тардифті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесуде хоккей спортын дамытудың және кеңінен танытудың перспективалары, сондай-ақ елімізде ірі халықаралық турнирлер өткізу мәселесі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Люк Тардифке Қазақстан хоккейінің жетістіктері, отандық спортты дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар мен спорт инфрақұрылымының мүмкіндіктері туралы айтты.
Мемлекет басшысы елімізде хоккей спортына қызығушылық артып келе жатқанын, балалар мен жасөспірімдерге арналған хоккей мектептері мен жастар командаларының саны көбейгенін атап өтті. Бүгінде спорттың осы түрімен 14 мың аса адам шұғылданады.
Кездесу барысында спорт инфрақұрылымдарының мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Осы ретте президент еліміздің 2027 жылы әлем чемпионатын өткізуге жолдаған өтінімі 2023 жылы мамырдағы дауыс беру кезінде қолдау тапса, Қазақстанның осы шараны ұйымдастыруға дайын екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық хоккей федерациясы өз тарихында Азия құрлығында ешқашан жоғары деңгейдегі чемпионаттар өткізбегенін атап өтті. Халықаралық хоккей федерациясының президенті кездесуге мүмкіндік бергені үшін мемлекет басшысына алғыс айтып, Қазақстанда хоккей спортын дамытуға көңіл бөлініп жатқанын жоғары бағалады.
Сондай-ақ еліміз халықаралық жарыстарды өте жоғары деңгейде өткізуге қажет барлық инфрақұрылымға ие екенін жеткізді.