Қоғам

Күзетшіге қол жұмсаған: Маңғыстау ауданының әкімі өзіне қатысты ақпаратқа жауап берді

© Sputnik / Абзал Калиевархив фото
архив фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау ауданының әкімі Тілек Қошмағанбетов өзіне қатысты желіде тараған жазбаларға қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді.

“Маған қатысты алып-қашпа әңгімелерге алаңдаушылық білдіріп, қолдау көрсетіп жатқандарыңызға рахмет айтамын. Мен денсаулығыма байланысты жұмыстан босатуды сұрап өтініш жаздым. Мұндай ұйғарымға бір күнде келген жоқпын. Ұзақ уақыт ойланып қабылдаған өз шешімім бұл. Сондықтан да ардақты ағайын, дос, бауырлар, баршаңызды сабыр сақтап, түсіністік танытуға және шешіміме құрметпен қарауға шақырамын. Бұйырса денсаулық түзеліп, сәті келіп жатса елге қызмет етуден қашпаймыз. Осы жылдары маған қолдау көрсетіп, өңірдің дамуына бірлесе атсалысқан әріптестеріме, азаматтарға алғыс айтқым келеді”, - деп жазды ол.

Ал, Ербол Еділовтің таратқан жазбасына қатысты алдағы уақытта ақ-қарасы айқындала жатарына сенімдімін, деп атап өтті әкім.
Бірер күн бұрын әлеуметтік желіде Маңғыстау ауданының әкіміне ұқсайтын адамның Ақтаудағы "Грин парк" ТҮК күзетшісіне қол жұмсаған бейнежазбасы жарияланған еді.
Жергілікті Лада басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысының әкімдігі бұл ақпаратқа қатысты қызметтік тексеру бастады.
Жаңалықтар
0