Қоғам

Үш қалада кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке мәжбүрлеген – істің мән-жайы

© AP Photo / Marcelo RuizСилуэт женщины, архивное фото
Силуэт женщины, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрлігі оңтүстік өңірлерде кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға міндеттеген қылмыстық топтың әрекетіне қатысты ақпаратты жариялады.
Қылмыстық іс Шымкент қаласында тергеліп жатыр. Ұйымдасқан топ өз қызметін осы қалада ғана емес, Түркістанда және Таразда жүргізген. Оны үш апалы-сіңлілі ұйымдастырып, сенімді серіктестерімен бірге қылмыстық әрекеттерін үйлестіріп отырды. Топта әрбір адамның нақты міндеті болды.
Біреулер қорқытып бопсалаумен айналысса, басқалар тәртіпке бағынбағаны үшін "айыппұл" салды. Жас қыздарды синтетикалық есірткі қолдануға және ақылы жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген адамдар да болды. Сол үшін ақша берген, я болмаса, ұялы телефон, киім-кешек немесе азық-түлік сияқты сан алуан тауарлар тартқан.
"Топтың кейбір мүшелері жас әйелдер мен қыздарды іздеумен айналысқан. Олармен танысып, сеніміне кіре отырып, жыныстық эксплуатацияға тартқан. Белгілі болғандай, қыздарды әлеуметтік желі арқылы Қарағанды, Семей, Атырау, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалалары мен Түркістан облысынан тапқан. Билет сатып алу мен тұруға кеткен шығынды қылмыстық топтың ұйымдастырушылары төлеген", - дейді полицейлер.
Топта "әкімші" мен "кассир" де болды. Олар қыздардың тәртібін қадағалап, есеп-қисап жүргізді. Интернеттегі жарнамалар арқылы "клиенттерді" қабылдап отырды. Соңғы мәліметке сәйкес, қылмыскерлердің тапқан табысы, шамамен, 150 миллион теңгені құрайды.
Жыныстық сауданың құрбандары арасында 17 мен 25 жас аралығындағы 14 қыз бар, олардың алтауы - кәмелетке толмағандар.
"Қыздарды жалдамалы пәтерлерде ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бірқатар жағдайларда күдіктілер қыздарды өзімен бірге ертіп, қонақүйлер мен сауналарға апарған", - дейді тәртіп сақшылары.
Жәбірленушілер туған-туыстарына және ата-аналарына бала күтуші болып жұмыс істеп жүрміз деп, өтірік айтып жүрген. Кей кезде ұйымдастырушылар қыздардың ата-аналарымен кездесуге де барған. Сол жерде өздерін бала күтушіге жұмыс берген адам ретінде таныстырып, жас қыздардың ата-анасын алдаған.
Қазіргі кезде барлығы 11 адам ұсталды, олар қазір Шымкенттегі тергеу изоляторында қамалды. 18 қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтар
0