https://sputnik.kz/20220915/dubayga-altyn-tasymaldau-kontrabandasy-27616699.html
Алматыда Дубайға алтын тасымалдамақ болғандар ұсталды
Алматыда Дубайға алтын тасымалдамақ болғандар ұсталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Алматы халықаралық әуежайында Біріккен Араб Әмірліктеріне бағалы металдарды заңсыз әкетуге тырысқан қылмыстық топтың жолы... 15.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-15T21:54+0500
2022-09-15T21:54+0500
2022-09-15T21:54+0500
дубай
алтын құйма
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1d/15324676_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_41ea6424cef6194daf2e892341b78319.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Алматы халықаралық әуежайында Біріккен Араб Әмірліктеріне бағалы металдарды заңсыз әкетуге тырысқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды Polisia.kz. Топ мүшелері көлік полициясының лауазымды тұлғаларына пара беру арқылы мемлекеттік бақылауды айналып өтуді көздеді. Осылайша, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкеріне кедендік және шекаралық бақылау аймағы арқылы "сәлемдемені" алып өткені үшін 600 АҚШ доллары сомасында пара беру кезінде Қазақстан азаматы ұсталды. Одан 1200 АҚШ доллары тәркіленді. Ал алтынды Дубайға жеткізу міндеті Қытай азаматына жүктелген. Ол әуежай ғимаратында ұсталды. Оның сөмкесінен салмағы 3 келі 200 грамм болатын алтын құймалары шықты. Жүктің құны 84 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта күдіктілерді уақытша ұстау изоляторына қамау мәселесі қаралып жатыр. Тергеушілер қымбат металдың шыққан жерін және қылмыстық топтың басқа да мүшелерін анықтауға кірісті.
дубай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1d/15324676_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_8d01bb024080a90987cf815bf2df68ae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дубай, алтын құйма
Алматыда Дубайға алтын тасымалдамақ болғандар ұсталды
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Алматы халықаралық әуежайында Біріккен Араб Әмірліктеріне бағалы металдарды заңсыз әкетуге тырысқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Топ мүшелері көлік полициясының лауазымды тұлғаларына пара беру арқылы мемлекеттік бақылауды айналып өтуді көздеді. Осылайша, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкеріне кедендік және шекаралық бақылау аймағы арқылы "сәлемдемені" алып өткені үшін 600 АҚШ доллары сомасында пара беру кезінде Қазақстан азаматы ұсталды. Одан 1200 АҚШ доллары тәркіленді.
Ал алтынды Дубайға жеткізу міндеті Қытай азаматына жүктелген. Ол әуежай ғимаратында ұсталды. Оның сөмкесінен салмағы 3 келі 200 грамм болатын алтын құймалары шықты. Жүктің құны 84 миллион теңгеден асады.
"Тергеу сотының санкциясымен Қазақстан азаматының тұрғылықты жері - Алматыдағы коттедждердің бірінде тінту жүргізілді. Онда құймалардағы алтын мен металдың мөлшерін анықтайтын электрондық таразы мен арнайы құрылғылар тәркіленді", - дейді полицейлер.
Қазіргі уақытта күдіктілерді уақытша ұстау изоляторына қамау мәселесі қаралып жатыр. Тергеушілер қымбат металдың шыққан жерін және қылмыстық топтың басқа да мүшелерін анықтауға кірісті.