Елорда тынысы

"Астана" атауы ресми түрде қай кезде енгізіледі – әкімдік түсіндірді

© Sputnik / Владислав ВодневФотолента в честь Дня столицы-лучшие фото Влада Воднева с выставки
Фотолента в честь Дня столицы-лучшие фото Влада Воднева с выставки - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимов елорданың атауын өзгерту тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінде бас қаланы ауыстыру үшін бірнеше процедураны өткізу керек. Алдымен қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылады. Сол жерде халық өз пікірін айтуы керек.
"Қоғамдық тыңдаудан кейін осы мәселе мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаралады. Ол да тәртіптің бір кезеңі. Мәслихат шешімінен кейін республикалық ономастикалық комиссияның отырысы өтеді. Соның қорытындысы бойынша үкіметке тиісті құжаттар енгізіледі. Үкімет өз кезегінде жарлықтың жобасын әзірлеп, президенттің қол қоюына жібереді", - деді Каналимов бүгінгі қоғамдық тыңдауда.
Оның айтуынша, президент жарлыққа қол қойса, елорданың атауы ресми түрде ауыстырылды деп саналады.
Айта кетері, бүгін елордаға бұрынғы атауын қайтару мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті. Мәслихат депутаттары "Астана" атауын қолдады.
Жаңалықтар
0