https://sputnik.kz/20220915/aqtobe-oblysynda-tis-darigerine-bargan-60-tan-astam-adam-gepatit-zhuqtyrgan-27601683.html
Ақтөбе облысында тіс дәрігеріне барған 60-тан астам адам гепатит жұқтырған
Ақтөбе облысында тіс дәрігеріне барған 60-тан астам адам гепатит жұқтырған
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Жыл басынан бері Ақтөбе облысында созылмалы вирусты гепатит В-нің 88 жағдайы тіркелген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 63-ті... 15.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-15T07:35+0500
2022-09-15T07:35+0500
2022-09-15T08:41+0500
ақтөбе облысы
гепатит
https://sputnik.kz/img/473/02/4730267_0:166:3053:1883_1920x0_80_0_0_247a0b9d40a18f8b0aaaa7850c24a037.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Жыл басынан бері Ақтөбе облысында созылмалы вирусты гепатит В-нің 88 жағдайы тіркелген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 63-ті құраған. Сырқаттанушылық шамамен 1,5 есеге өскен, деп хабарлайды санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті.Ведомство мәліметінше, 61 адам вирусты тіс дәрігеріне барған кезде жұқтырған. Ал қалған сырқттанушылар шаштараз бен сұлулық салондарында жұқтыруы мүмкін.Мамандар шеберден құралдардың өңделгенін не өңделмегенін алдын ала білуді ұсынады, оны стерилизацияның тиісті журналынан қарауға болады. "Мысалы салонға алғаш рет келгенде, құралдардың қалай зарарсыздандырылғанын көрсетуді, маникюр жасау уақытында гепатиттен қандай қорғаныс бар екенін кезең-кезеңімен түсіндіруді сұраудан қысылмаңыз. Косметикалық қызметтер (маникюр, педикюр, пирсинг, пилинг, тату жасау және басқалар) кезінде кемінде үш жиынтық қолданылуы шарт. Егер сізге зақым келсе, дер кезінде антисептикті пайдаланған жөн", - дейді ведомство қызметкерлері.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/473/02/4730267_161:0:2892:2048_1920x0_80_0_0_12493044746dc0e47545c30c6e36a1f9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, гепатит
Ақтөбе облысында тіс дәрігеріне барған 60-тан астам адам гепатит жұқтырған
07:35 15.09.2022 (жаңартылды: 08:41 15.09.2022) НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Жыл басынан бері Ақтөбе облысында созылмалы вирусты гепатит В-нің 88 жағдайы тіркелген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 63-ті құраған. Сырқаттанушылық шамамен 1,5 есеге өскен, деп хабарлайды санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Ведомство мәліметінше, 61 адам вирусты тіс дәрігеріне барған кезде жұқтырған. Ал қалған сырқттанушылар шаштараз бен сұлулық салондарында жұқтыруы мүмкін.
"Сұлулық салондарында, шаштараздарда зарарсыздандыру тәртібі бұзылған жағдайда гепатитпен ауыру қаупі бар. Маникюр, педикюр, пирсинг, тату жасау, қырыну, құлақ тесу кезінде қолданыстағы заттардың стерилизациядан өткендігіне аса мән беру қажет", - дейді мамандар.
Мамандар шеберден құралдардың өңделгенін не өңделмегенін алдын ала білуді ұсынады, оны стерилизацияның тиісті журналынан қарауға болады.
"Мысалы салонға алғаш рет келгенде, құралдардың қалай зарарсыздандырылғанын көрсетуді, маникюр жасау уақытында гепатиттен қандай қорғаныс бар екенін кезең-кезеңімен түсіндіруді сұраудан қысылмаңыз. Косметикалық қызметтер (маникюр, педикюр, пирсинг, пилинг, тату жасау және басқалар) кезінде кемінде үш жиынтық қолданылуы шарт. Егер сізге зақым келсе, дер кезінде антисептикті пайдаланған жөн", - дейді ведомство қызметкерлері.