https://sputnik.kz/20220914/zhurgizushi-kualigi-qaryz-27558545.html
Жүргізуші куәлігін жасатамын деген ер адам 3 млн теңгеге қарызға батты
Жүргізуші куәлігін жасатамын деген ер адам 3 млн теңгеге қарызға батты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысында біреудің атына үш бірдей заңсыз несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 14.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-14T11:19+0500
2022-09-14T11:19+0500
2022-09-14T11:19+0500
қоғам
түркістан облысы
алаяқ
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18894188_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_aa328831ae7429ae9955cf022414f6b3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысында біреудің атына үш бірдей заңсыз несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.Түлкібас аудандық полиция бөліміне арызданған ер адам тамыз айында бейтаныс біреумен танысқанын айтты. Сол кезде жаңа танысы жүргізуші куәлігін тез арада істеп бере алатынына әбден сендірген. Содан жәбірленуші оған жеке куәлігінің көшірмесі мен 250 мың теңгені бере салған. Алайда бір аптадан кейін ешқандай куәлік жасалған жоқ. Ал ақша алған ер адам жәбірленушіні осы уақытқа дейін алдап келген. Онымен қоймай, жеке куәлігінің көшірмесі арқылы атынан 3 бірдей заңсыз несие рәсімдеген. Жәбірленушіге келген шығынның жалпы сомасы 3 млн теңгені құрап отыр. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.Осы қылмысы ірі мөлшерде жасалған әрекет деп танылса, кінәлі адам үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18894188_67:0:2798:2048_1920x0_80_0_0_ec6774a1155da7f6f8d8fcf46c96b16f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, алаяқ
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысында біреудің атына үш бірдей заңсыз несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас аудандық полиция бөліміне арызданған ер адам тамыз айында бейтаныс біреумен танысқанын айтты. Сол кезде жаңа танысы жүргізуші куәлігін тез арада істеп бере алатынына әбден сендірген.
Содан жәбірленуші оған жеке куәлігінің көшірмесі мен 250 мың теңгені бере салған. Алайда бір аптадан кейін ешқандай куәлік жасалған жоқ. Ал ақша алған ер адам жәбірленушіні осы уақытқа дейін алдап келген.
Онымен қоймай, жеке куәлігінің көшірмесі арқылы атынан 3 бірдей заңсыз несие рәсімдеген. Жәбірленушіге келген шығынның жалпы сомасы 3 млн теңгені құрап отыр. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Осы қылмысы ірі мөлшерде жасалған әрекет деп танылса, кінәлі адам үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.