Тоқаев дін өкілдерін әлемдік дағдарыстан шығуға көмектесуге үндеді

© Официальный сайт Президента КазахстанаТокаев
Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2022
Жазылу
Санкциялар мен күш қолдану ешқашан проблеманы шешпейді, деп мәлімдеді Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерін әлемде бейбітшілік сақтауға көмектесуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент БҰҰ бастаған халықаралық ұйымдардың басшыларына, саясаткерлер мен сарапшыларға Қазақстанның съез өткізу туралы бастамасына қолдау білдіргені үшін ризашылық білдірді.
"Бұл бейбітшілікті сақтауға және өркениетаралық диалогты нығайтуға бәріміздің мүдделі екенімізді көрсетеді. Өзгеріске толы әрі белгісіздік белең алған қазіргі заманда бүгінгі басқосудың айрықша мәні бар", - деді Тоқаев елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінде.
Ол аталған съезд бүгінде жаһандық деңгейдегі өркениетаралық диалог алаңына айналғанын атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан БҰҰ жарғысына сәйкес әрдайым шиеленісті бейбіт жолмен шешкенді құп көретінін атап өтті.
"Санкциялар мен күш қолдану ешқашан проблеманы шешпейді", - деп мәлімдеді Тоқаев.
Президент мұндай сәттерде дәл қазіргідей гуманитарлық идеяларға оралу қажет екенін айтты.
"Адам құқығына құрметпен қарау, бір-біріңді құрметтеу, өзара көмек, ашықтық, әділдік пен теңдік – қауіпсіздіктің жаңа жүйесінің діңгегі. Нақ осы себептен адамгершілік бедел мен рухани көшбасшылардың сөзі бүгінгі күні өте маңызды", - деді ол.
Ол Қазақстанда өткізіліп жатқан рухани лидерлердің диалогы адамзатқа қазіргі әлемдік дағдарыс пен қақтығыстан шығуға көмектесетінін атап өтті.
Жаңалықтар
0