Теміртауда әйел балаларға арналған сырғанақты ұрлап кетті

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуДетская горка, архивное фото
Детская горка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Теміртауда полицейлер көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан жергілікті тұрғын ұрлап кеткен балалардың сырғанағын орнына қайтарды.
"Оқиға түнде болған, қараңғы уақытты пайдаланып, белгісіз біреулер балалар алаңынан құны 115 000 теңге болатын элементті бұзып әкеткен. Жедел іздестіру шарасында полицейлер күдіктіні – 41 жастағы әйелді ұстады", - деп хабарлады полицейлер.
Ол балалар сырғанағын металл қабылдайтын орындарының біріне тапсырғанын түсіндіріп, өз кінәсін мойындады.
Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 199-бабы – "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0