Өңірлер

Синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын болжады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуАуа райы
Ауа райы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек - Sputnik. Елдің басым бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз, түнде тұман түсіп, күн салқындайды.
Батыста атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады.
Шығыста жауын-шашын болады, қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.
Республиканың басым бөлігінде 15-20 м/с-ке дейін жел күшейеді. Оңтүстік-шығыста екпіні 23-28 м/с, күндіз батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Дабылды ескерту

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақмола облысының солтүстік-шығысында, Қостанай, Солтүстік Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Павлодардың батысы мен оңтүстігінде, Қарағандының солтүстік жартысында, Ұлытаудың солтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының солтүстігінде үсік жүреді.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 16-18 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 21-23 жылы.
Шымкентте де жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 31-33 жылы.
Жаңалықтар
0