https://sputnik.kz/20220914/referendum-konstitutsiyalyq-kenes-27554224.html
"Референдумда қабылданған шешімге сай келеді": Конституциялық кеңес өз шешімін түсіндірді
"Референдумда қабылданған шешімге сай келеді": Конституциялық кеңес өз шешімін түсіндірді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Конституциялық кеңес президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтініші бойынша Конституцияға енгізілетін өзгерістерді Ата заңымыздың... 14.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-14T09:04+0500
2022-09-14T09:04+0500
2022-09-14T09:04+0500
конституциялық кеңес
референдум
https://sputnik.kz/img/198/89/1988995_0:0:5193:2922_1920x0_80_0_0_28a18153c7b916f3d79fbfc81c37f9f4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Конституциялық кеңес президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтініші бойынша Конституцияға енгізілетін өзгерістерді Ата заңымыздың талаптырана сай деп танудың себебін түсіндірді. Мемлекет басшысы жолдаған заң жобасы президенттің бір мәрте жеті жылдық өкілеттік мерзімін белгілеуді, сондай-ақ ел астанасының атауын өзгертуді көздейді. Ал президенттік мандатты бір мерзіммен шектейтін Конституцияның 42-бабы 5-тармағының ұсынылып отырған редакциясы аталған жоғары лауазымды тұлға лауазымына сайланатын барлық адамдарға тең негізде қолданылатын болады. "Онымен Конституциялық сот судьяларының бір мәрте сегіз жылдық өкілеттік мерзімін анықтау үйлеседі. Осы орайда, Конституциялық Кеңес "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Заң жобасы Конституцияда белгіленген талаптарға сәйкес деп санайды", - делінген ресми хабарламада.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/198/89/1988995_0:0:5193:3896_1920x0_80_0_0_d6b4ba402236bd842f8186904cb919cf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
конституциялық кеңес, референдум
конституциялық кеңес, референдум
"Референдумда қабылданған шешімге сай келеді": Конституциялық кеңес өз шешімін түсіндірді
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Конституциялық кеңес президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтініші бойынша Конституцияға енгізілетін өзгерістерді Ата заңымыздың талаптырана сай деп танудың себебін түсіндірді.
Мемлекет басшысы жолдаған заң жобасы президенттің бір мәрте жеті жылдық өкілеттік мерзімін белгілеуді, сондай-ақ ел астанасының атауын өзгертуді көздейді.
"Конституциялық Кеңестің пайымдауынша, президенттік мандаттың бір мәрте жеті жылдық мерзімін белгілеу ағымдағы жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда қабылданған мемлекеттік билікті монополизациялауға жол бермеуге бағытталған конституциялық новеллалардың мәніне сай келеді", - дейді кеңес мүшелері.
Ал президенттік мандатты бір мерзіммен шектейтін Конституцияның 42-бабы 5-тармағының ұсынылып отырған редакциясы аталған жоғары лауазымды тұлға лауазымына сайланатын барлық адамдарға тең негізде қолданылатын болады.
"Онымен Конституциялық сот судьяларының бір мәрте сегіз жылдық өкілеттік мерзімін анықтау үйлеседі. Осы орайда, Конституциялық Кеңес "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Заң жобасы Конституцияда белгіленген талаптарға сәйкес деп санайды", - делінген ресми хабарламада.