Экономика

Қазақстан жанама санкцияларға ілікпейді – сыртқы істер министрі

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуВстреча глав МИД РФ и Казахстана С. Лаврова и М. Тлеуберди
Встреча глав МИД РФ и Казахстана С. Лаврова и М. Тлеуберди - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2022
Жазылу
Мұхтар Тілеуберді қазан айының ортасында республикаға Ресей президенті Владимир Путин келетінін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Ресейге қатысты санкциялардың "салқыны" Қазақстанға тимейді. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазақстан жанама санкцияларға ілікпейді. Ресейге қарсы санкциялардың ел экономикасын теріс әсерін болдырмау, соның ішінде жанама санкцияларға жол бермеу бойынша үкіметтік жұмыс тобы құрылды. Ол сәтті жұмыс істеп жатыр, еуропалық комиссиямен және АҚШ әкімшілігімен тұрақты консультациялар жүргізіліп тұрады", - деді Тілеуберді астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінің кулуарында.
Сондай-ақ министр Ресей президенті Владимир Путин Азиядағы сенім және ынтымақтастық шаралары кеңесіне қатысу үшін Қазақстанға келетінін мәлімдеді. Сонымен қатар ТМД мемлекет басшыларының кеңесін өткізу жоспарланған.
"Ресей президенті қатысады деген жоспар бар. Қазан айының ортасында келуі керек. Ресми түрде растағанын күтіп отырмыз. Сондай-ақ мемлекет басшылары екіжақты кездесу өткізеді", - деді ол.
Бұған дейін 12-14 қазан аралығында Ресей президенті Владимир Путин Азиядағы сенім және ынтымақтастық шаралары кеңесі мен ТМД саммитіне қатысу үшін Нұр-Сұлтанға келетіні хабарланған еді.
Жаңалықтар
0