https://sputnik.kz/20220914/qazaqstan-rim-papasy-abay-27559321.html
Қазақстанға келген Рим папасы Абайдың ілімін мысал етті
Қазақстанға келген Рим папасы Абайдың ілімін мысал етті
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінде Рим папасы Франциск қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының ілімімен... 14.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-14T11:00+0500
2022-09-14T11:00+0500
2022-09-14T11:00+0500
дін басшылары
абай
https://sputnik.kz/img/07e6/09/0e/27557141_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_fedaa6d1b3c07bd73695ccdf2fdf3d38.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінде Рим папасы Франциск қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының ілімімен сусындауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Кеше азаматтық қоғаммен кездесуінде понтифик ұлттық аспап – домбыраны тілге тиек етсе, бүгін қазақтың ұлы ақыны Абайдың іліміне әлем назарын аудартты. Католик шіркеуінің басшысы Абай білім мен таным көкжиегін кеңейтуге шақырғанын атап өтті. "Абай білім-ғылымға ұмтылып, өзгелердің мәдениеті мен дәстүрін тануға, тарихы мен әдебиетін оқуға үндеді. Сіздерден өтінерім: қаруға емес, білімге ақша құяйық", - деді Рим папасы. Айта кетері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі екі күнге созылады. Шараға елу елден 100-ден астам делегация, оның ішінде ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм діндерінің өкілдері, сондай-ақ саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйым мүшелері келген. Діни форумға Рим Папасы Францисктен бөлек, Әл-Азхардың Жоғарғы имамы Ахмед Мохаммед Ахмед ат-Тайеб, Иерусалим Патриархы III Теофил, Ашкеназдың бас раввині Давид Лау, Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Иосиф және басқа да діни жетекшілер, бірқатар халықаралық ұйым өкілдері қатысып жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/0e/27557141_56:0:1167:833_1920x0_80_0_0_58bb554de13a5c1d99367a47aaa92543.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дін басшылары, абай
Қазақстанға келген Рим папасы Абайдың ілімін мысал етті
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінде Рим папасы Франциск қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының ілімімен сусындауға шақырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Кеше азаматтық қоғаммен кездесуінде понтифик ұлттық аспап – домбыраны тілге тиек етсе, бүгін қазақтың ұлы ақыны Абайдың іліміне әлем назарын аудартты.
"Ол өзінің артынан діндарлық сіңген туындылар қалдырды. Абай адамгершіліктің бастауы – махаббат пен әділдік екенін еске салады. Қандай жағдай болмасын зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды. Құдай баршамызды соғысқа емес, бейбітшілікке үндейді. Сол себепті қақтығысты қару-жарақ пен қоқан-лоққының күшімен емес, Жаратушыға ұнамды, адамға лайықты құралдармен шешуге тырысайық", - деді Рим папасы астанада өтіп жатқан съезде.
Католик шіркеуінің басшысы Абай білім мен таным көкжиегін кеңейтуге шақырғанын атап өтті.
"Абай білім-ғылымға ұмтылып, өзгелердің мәдениеті мен дәстүрін тануға, тарихы мен әдебиетін оқуға үндеді. Сіздерден өтінерім: қаруға емес, білімге ақша құяйық", - деді Рим папасы.
Айта кетері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі екі күнге созылады. Шараға елу елден 100-ден астам делегация, оның ішінде ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм діндерінің өкілдері, сондай-ақ саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйым мүшелері келген.
Діни форумға Рим Папасы Францисктен бөлек, Әл-Азхардың Жоғарғы имамы Ахмед Мохаммед Ахмед ат-Тайеб, Иерусалим Патриархы III Теофил, Ашкеназдың бас раввині Давид Лау, Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Иосиф және басқа да діни жетекшілер, бірқатар халықаралық ұйым өкілдері қатысып жатыр.