https://sputnik.kz/20220914/politseydi-kapotqa-otyrgyzgan-kolik-zhurgizushisi-bes-zhylga-sottaldy-27555923.html
Полицейді капотқа "отырғызған" көлік жүргізушісі бес жылға сотталды
Полицейді капотқа "отырғызған" көлік жүргізушісі бес жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында көлік жүргізушісі полицияның заңды талабына бағынбай, тәртіп сақшысын капотқа "отырғызып" жүргені үшін бес... 14.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-14T10:10+0500
2022-09-14T10:10+0500
2022-09-14T10:10+0500
қоғам
ақмола облысы
полицей
https://sputnik.kz/img/153/93/1539321_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_ea4878cc608f5ca4393b39baeb98296f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында көлік жүргізушісі полицияның заңды талабына бағынбай, тәртіп сақшысын капотқа "отырғызып" жүргені үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұл оқиға Щучинск қаласында болған. Полиция департаментінің хабарлауынша, "Мазда 626" маркалы көліктің жүрісі күдікті болып көрінді. Патрульдік полиция қызметкерлері артынан ілесіп, тоқтауға сигнал берген. Бірақ көлік иесі, керісінше, жылдамдықты арттырып, " Петропавл – Нұр-Сұлтан" республикалық тас жолына шығуға тырысты. Полицейлер басқа экипаждарға хабар беріп, көшелерді жапты. Осыдан кейін тәртіп бұзушы тоқтауға мәжбүр болды. Инспектор оған барып, құжат көрсетуді талап етті. Бірақ ер адам полицейдің талабына бағынбады, есікті ішінен жауып алды. Осы оқиғадан кейін бірнеше бап бойынша іс қозғалды. Ұсталған ер адам өз кінәсін ішінара мойындады. Мас болғанын және жауапкершіліктен қашқанын айтты. Бурабай аудандық соттың шешімімен көлік жүргізушісі бес жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өз жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/153/93/1539321_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_e54177a3582ecc7fe88bf670dc1a2312.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, полицей
Полицейді капотқа "отырғызған" көлік жүргізушісі бес жылға сотталды
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында көлік жүргізушісі полицияның заңды талабына бағынбай, тәртіп сақшысын капотқа "отырғызып" жүргені үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бұл оқиға Щучинск қаласында болған. Полиция департаментінің хабарлауынша, "Мазда 626" маркалы көліктің жүрісі күдікті болып көрінді. Патрульдік полиция қызметкерлері артынан ілесіп, тоқтауға сигнал берген. Бірақ көлік иесі, керісінше, жылдамдықты арттырып, " Петропавл – Нұр-Сұлтан" республикалық тас жолына шығуға тырысты.
Полицейлер басқа экипаждарға хабар беріп, көшелерді жапты. Осыдан кейін тәртіп бұзушы тоқтауға мәжбүр болды. Инспектор оған барып, құжат көрсетуді талап етті. Бірақ ер адам полицейдің талабына бағынбады, есікті ішінен жауып алды.
"Ал тәртіп сақшысының есікті ашуға тырысып жатқанын көріп, алға қарай жүре бастады, жылдамдықты да арттырды. Сол кезде көлікті алдында бір полицей тұрған. Көлік жүргізушісі оны капотқа түскеніне қарамай, 50 метрдей жүріп өтті. Сот-медициналық сараптама бойынша полицей жеңіл жарақат алды", - дейді полицейлер.
Осы оқиғадан кейін бірнеше бап бойынша іс қозғалды. Ұсталған ер адам өз кінәсін ішінара мойындады. Мас болғанын және жауапкершіліктен қашқанын айтты.
Бурабай аудандық соттың шешімімен көлік жүргізушісі бес жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өз жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.