https://sputnik.kz/20220914/maslikhat-mazhilis-nur-sultannyn-atau-27576186.html
Депутат елорданың атауын өзгерту тәртібін түсіндірді
Депутат елорданың атауын өзгерту тәртібін түсіндірді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов елорданың атауын өзгерту тәртібін... 14.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-14T15:19+0500
2022-09-14T15:19+0500
2023-08-09T12:22+0500
мәслихат
мәжіліс
астана атауын өзгерту
астана
https://sputnik.kz/img/1016/10/10161023_0:85:2500:1491_1920x0_80_0_0_f37cd87e1c0b58afaaf4994370a3857e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов елорданың атауын өзгерту тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Мәжілісмен елорданың ресми атауы нақты қай органнан кейін ауыстырылатынын айта алмады. Оның айтуынша, мәжіліс конституциялық өзгерістерге қатысты заң жобасын қарайды. Ал мәслихатта ономастикалық комиссия жұмыс істейді. Оның да өзіндік жұмыс тәртібі бар. Депутат бұған дейін елорданың атауын өзгерткенде "партиямен бірге дауыс бергенін" жеткізді."Мен өзім елорданың атауын қайта-қайта ауыстырғанын қаламаймын. Астана атауы маған да өте ұнайды. Сондықтан бұл ұсынысты қолдаймын", - деп атап көрсетті Қожахметов. Айта кетері, елордаға бұрынғы атауын қайтару бастамасын "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы көтерген болатын. Олар президенттің өкілеттілік мерзімін өзгертумен бірге Конституцияда елорданың атауын "Астана" деп ауыстыруды ұсынды. Ал қала мәслихаты ертең осы мәселеге қатысты қоғамдық тыңдау өткізеді.
https://sputnik.kz/20220914/qazaqstan-parlament-palatalary-otyrysy-27577311.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1016/10/10161023_143:0:2366:1667_1920x0_80_0_0_48685e9941b2bfe83fa97208e13f96ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәслихат, мәжіліс, астана атауын өзгерту, астана
мәслихат, мәжіліс, астана атауын өзгерту, астана
Депутат елорданың атауын өзгерту тәртібін түсіндірді
15:19 14.09.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов елорданың атауын өзгерту тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілісмен елорданың ресми атауы нақты қай органнан кейін ауыстырылатынын айта алмады. Оның айтуынша, мәжіліс конституциялық өзгерістерге қатысты заң жобасын қарайды. Ал мәслихатта ономастикалық комиссия жұмыс істейді. Оның да өзіндік жұмыс тәртібі бар.
"Шамасы, парламент мәжілісінде тиісті шешім қабылданғаннан кейін оларда (мәслихатта - Sputnik) қажетті жұмысты атқаруға заңды негіз болады. Комиссия да қарайтын шығар. Біз өзіміз әлі заң жобасын толығымен көрген жоқпыз, жақын арада түсуі керек ", - деді Қожахметов журналистерге берген сұхбатында.
Депутат бұған дейін елорданың атауын өзгерткенде "партиямен бірге дауыс бергенін" жеткізді.
"Мен өзім елорданың атауын қайта-қайта ауыстырғанын қаламаймын. Астана атауы маған да өте ұнайды. Сондықтан бұл ұсынысты қолдаймын", - деп атап көрсетті Қожахметов.
Айта кетері, елордаға бұрынғы атауын қайтару бастамасын "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы көтерген болатын. Олар президенттің өкілеттілік мерзімін өзгертумен бірге Конституцияда елорданың атауын "Астана" деп ауыстыруды ұсынды. Ал қала мәслихаты ертең осы мәселеге қатысты қоғамдық тыңдау өткізеді.