https://sputnik.kz/20220914/aqsh-zherasty-munay-qoryn-tagy-paydalandy-27610573.html
АҚШ жерасты мұнай қорын тағы пайдаланды
АҚШ жерасты мұнай қорын тағы пайдаланды
Sputnik Қазақстан
Ресейлік мұнайға қатысты енгізілген желтоқсан эмбаргосы Батыты алаңдатып отыр. Олар энергия тасымалдағыштар тапшылығын ғана емес, сондай-ақ бағаның шарықтауын... 14.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-14T18:33+0500
2022-09-14T18:33+0500
2022-09-16T15:33+0500
ақш
мұнай
https://sputnik.kz/img/07e5/09/03/18035552_0:107:3149:1878_1920x0_80_0_0_9c264e09907a3ce1e2080b0bc877709b.jpg
Ресейлік мұнайға қатысты енгізілген желтоқсан эмбаргосы Батыты алаңдатып отыр. Олар энергия тасымалдағыштар тапшылығын ғана емес, сондай-ақ бағаның шарықтауын да күтіп отыр. Жанармай инфляциясы асқақтап тұрған АҚШ-та стратегиялық қордағы мұнайды көптеп сату арқылы баға инфляциясына төтеп беруге тырысып жатыр, деп жазды РИА Новости.Еуроодақ санкцияларының алтыншы пакетіне сәйкес 5 желтоқсанда Ресейден теңіз арқылы мұнай, ал 5 ақпаннан бастап мұнай өнімдерін жеткізуге енгізілген эмбарго күшіне енеді. Сондай-ақ "Үлкен жетілік" елдері мұны ресейлік көмірсутектер бағасының шегімен байланыстыруды көздеп отыр.Мәскеу қазірдің өзінде осы шектеулерге қосылғандарға шикізат сатуды тоқтататынын ескертті. Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдайда нарықтың тұрақсыздануы сөзсіз болады және ең алдымен еуропалық және америкалық тұтынушылар зардап шегеді.Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Байден әкімшілігі "мұнай бағасын төмендету жолдарын, оның ішінде стратегиялық резервтерден қосымша мұнай көлемін босату мүмкіндігін зерттеп жатыр"."Сарапшылардың пікірінше, Еуропаның ресейлік энергия тасымалдаушылардан бас тартуы әлемдік нарықта сұраныстың тағы да өсуіне және бағаның шарықтауына себеп болады. Егер, Ақ үй резервтерді іске қосуға шешім қабылдаса, қараша, желтоқсан және қаңтар айларында жанармай интервенциялары туындауы мүмкін", - дейді мақала авторы.Төтенше жағдай туындағандағы қажеттілік үшін Луизиана мен Техас штаттарында жер астындағы қоймаларда сақталған АҚШ-тың стратегиялық мұнай қоры (SPR) өте ауқымды. 2021 жылдың соңында олар 600 миллион баррельге бағаланды.Алайда, бензин бағасының күрт көтерілуіне байланысты қоймадағы қорды аздап шығаруға тура келді. Наурызда Байден жарты жыл ішінде нарыққа 180 миллион қосымша баррель шығарылатынын мәлімдеді.Бұл бұрын-соңды болмаған әрекет. 2000 жылы солтүстік-шығыс штаттарда жанармай тапшылығы туындаған кезде және 2011 жылы "араб көктемі" кезінде 30 миллионнан артық мұнай шығарылмаған. 2021 жылдың соңында бағаны 100 доллардан төмен ұстау үшін аздап бөлуге тура келді. Бірақ одан ешқандай пайда болмады.Бұл жолы қанша мұнай айдалатыны туралы нақты мәлімет жоқ. SPR-де қазір 442,5 миллион баррель бар. Байден жоспарын жүзеге асырғаннан кейін 388 миллион баррель қалады. Бұл 1984 жылдың қаңтарынан бергі ең төменгі көрсеткіш, дейді Capital Lab серіктесі Евгений Шатов. Бірақ бұл да ұзақ мерзімді әсер тудырады деп сенуге болмайды.Сарапшылар қазіргі таңда әлемдік мұнай нарығында сұраныс пен ұсыныстың теңескенін баса айтып отыр. Дегенмен, бағаға алдағы эмбарго ғана әсер етіп тұрған жоқ. Шикізат рецессия ықтималдылығына, сондай-ақ елдегі саясат бойынша бүтіндей аудандар мен қалаларды жауып тастайтын Қытайда коронавирустың жаңа ошақтары туындауына байланысты арзандап отыр."Мұнай бір баррелі 127 доллардан арзандай бастаған маусым айынан бері айқын төмендеу тенденциясына ие болды. Қыркүйектің соңына қарай қаңтардан бергі ең төменгі деңгей, яғни, 80 доллар және одан төмен баға қалыптасуы мүмкін", - деді Total Research стратегиялық зерттеулер бөлімінің маманы Михаил Оганезов.Соған қарамастан, мұнай эмбаргосы жағдайында Қытайдың ұзаққа созылған локдауннан шығуы тұтынуды және сәйкесінше бағаны арттырады. Америкалық резервтердің нарықтық қарқынға әсер етуі екіталай."Стратегиялық қорды сатудан туындаған тежеу әсері бірнеше аптамен ғана шектелуі мүмкін", - деді Синара инвестициялық банкінің аналитикалық департамент директоры Кирилл Таченников.Вашингтон осы шара арқылы ел ішіндегі бағаны сәл төмендетуі мүмкін. Сайлаудан кейін конгресс бензиннің бағасы шарықтаған шақта мұнайды экспорттау туралы шешім қабылдау екіұдай мәселе.
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/03/18035552_418:0:3149:2048_1920x0_80_0_0_dfc7e20e90e7e4d2ab91a8524dd96766.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш, мұнай
Ресейлік мұнайға қатысты енгізілген желтоқсан эмбаргосы Батыты алаңдатып отыр. Олар энергия тасымалдағыштар тапшылығын ғана емес, сондай-ақ бағаның шарықтауын да күтіп отыр. Жанармай инфляциясы асқақтап тұрған АҚШ-та стратегиялық қордағы мұнайды көптеп сату арқылы баға инфляциясына төтеп беруге тырысып жатыр, деп жазды
РИА Новости.
Еуроодақ санкцияларының алтыншы пакетіне сәйкес 5 желтоқсанда Ресейден теңіз арқылы мұнай, ал 5 ақпаннан бастап мұнай өнімдерін жеткізуге енгізілген эмбарго күшіне енеді. Сондай-ақ "Үлкен жетілік" елдері мұны ресейлік көмірсутектер бағасының шегімен байланыстыруды көздеп отыр.
Мәскеу қазірдің өзінде осы шектеулерге қосылғандарға шикізат сатуды тоқтататынын ескертті. Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдайда нарықтың тұрақсыздануы сөзсіз болады және ең алдымен еуропалық және америкалық тұтынушылар зардап шегеді.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Байден әкімшілігі "мұнай бағасын төмендету жолдарын, оның ішінде стратегиялық резервтерден қосымша мұнай көлемін босату мүмкіндігін зерттеп жатыр".
"Сарапшылардың пікірінше, Еуропаның ресейлік энергия тасымалдаушылардан бас тартуы әлемдік нарықта сұраныстың тағы да өсуіне және бағаның шарықтауына себеп болады. Егер, Ақ үй резервтерді іске қосуға шешім қабылдаса, қараша, желтоқсан және қаңтар айларында жанармай интервенциялары туындауы мүмкін", - дейді мақала авторы.
Төтенше жағдай туындағандағы қажеттілік үшін Луизиана мен Техас штаттарында жер астындағы қоймаларда сақталған АҚШ-тың стратегиялық мұнай қоры (SPR) өте ауқымды. 2021 жылдың соңында олар 600 миллион баррельге бағаланды.
Алайда, бензин бағасының күрт көтерілуіне байланысты қоймадағы қорды аздап шығаруға тура келді. Наурызда Байден жарты жыл ішінде нарыққа 180 миллион қосымша баррель шығарылатынын мәлімдеді.
Бұл бұрын-соңды болмаған әрекет. 2000 жылы солтүстік-шығыс штаттарда жанармай тапшылығы туындаған кезде және 2011 жылы "араб көктемі" кезінде 30 миллионнан артық мұнай шығарылмаған. 2021 жылдың соңында бағаны 100 доллардан төмен ұстау үшін аздап бөлуге тура келді. Бірақ одан ешқандай пайда болмады.
Бұл жолы қанша мұнай айдалатыны туралы нақты мәлімет жоқ. SPR-де қазір 442,5 миллион баррель бар. Байден жоспарын жүзеге асырғаннан кейін 388 миллион баррель қалады. Бұл 1984 жылдың қаңтарынан бергі ең төменгі көрсеткіш, дейді Capital Lab серіктесі Евгений Шатов. Бірақ бұл да ұзақ мерзімді әсер тудырады деп сенуге болмайды.
"АҚШ мұнай қорын толығымен пайдалануды жоспарлап отырған жоқ. Сонымен қатар, олар өндірісті тәулігіне миллион баррельге ұлғайтуды көздегендіктен, жарты жылдық шектеуді де қарастырды. Алайда тек 0,3 миллион – күніне 12 миллионға дейін ғана ұстеме болды", - деп түсіндірді сарапшы.
Сарапшылар қазіргі таңда әлемдік мұнай нарығында сұраныс пен ұсыныстың теңескенін баса айтып отыр. Дегенмен, бағаға алдағы эмбарго ғана әсер етіп тұрған жоқ. Шикізат рецессия ықтималдылығына, сондай-ақ елдегі саясат бойынша бүтіндей аудандар мен қалаларды жауып тастайтын Қытайда коронавирустың жаңа ошақтары туындауына байланысты арзандап отыр.
"Мұнай бір баррелі 127 доллардан арзандай бастаған маусым айынан бері айқын төмендеу тенденциясына ие болды. Қыркүйектің соңына қарай қаңтардан бергі ең төменгі деңгей, яғни, 80 доллар және одан төмен баға қалыптасуы мүмкін", - деді Total Research стратегиялық зерттеулер бөлімінің маманы Михаил Оганезов.
Соған қарамастан, мұнай эмбаргосы жағдайында Қытайдың ұзаққа созылған локдауннан шығуы тұтынуды және сәйкесінше бағаны арттырады. Америкалық резервтердің нарықтық қарқынға әсер етуі екіталай.
"Стратегиялық қорды сатудан туындаған тежеу әсері бірнеше аптамен ғана шектелуі мүмкін", - деді Синара инвестициялық банкінің аналитикалық департамент директоры Кирилл Таченников.
Вашингтон осы шара арқылы ел ішіндегі бағаны сәл төмендетуі мүмкін. Сайлаудан кейін конгресс бензиннің бағасы шарықтаған шақта мұнайды экспорттау туралы шешім қабылдау екіұдай мәселе.