Қоғам

2028 жылдан кейін әйелдер зейнетке неше жаста шығады – министр жауабы

© Sputnik / Владислав ВодневТамара Дуйсенова
Тамара Дуйсенова  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Журналистер еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновадан 2028 жылдан кейін әйелдер зейнетке неше жастан бастап шығатынын сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Оны 2028 жылдан кейін көреміз. Зейнет жасы өмір ұзақтығына, денсаулығына, зейнетақының мөлшеріне байланысты белгіленеді. 2028 жылға дейін осы мәселелер бойынша қараймыз. Ары қарай уақыт көрсетеді", - деді Дүйсенова елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің кулуарында.
Министр қазақстандық әйелдер 2023 жылдан бастап 61 жасында зейнетке шығатынын еске салды. Бұл норма 2028 жылға дейін күшінде болады.
Айтуынша, президент тапсырмасынан кейін заң жобасына тиісті өзгерістер енгізіліп, үкімет мүшелерімен келісілген. Енді құжат мәжіліске өтеді.
Еске салсақ, 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауында мемлекет басшысы әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде белгіленетінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
0