Жауын, үсік, жел: синоптиктер 14 қыркүйектегі ауа райын болжады

© PhotoЗаморозки, иллюстративное фото
Заморозки, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет 14 қыркүйектегі ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, ел аумағының басым бөлігі кең, суық антициклонның ықпалында болады, жауын – шашынсыз ауа райы күтіледі, түнгі сағаттарда-тұман және үсік жүреді.
Батыс, Шығыс өңірлер әлі де циклон мен атмосфералық фронттар үстемдік етіп, жауын-шашынды ауарайы күтіледі, батыста найзағай болады. Елдің басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста екпіні 23-28 м/с, күндіз батыста, оңтүстікте шаңды дауылмен күтіледі.
Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, Жамбыл облысының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі, Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында 2-3 градус үсік жүреді.
Түнде Қостанай, Ұлытау, Абай облыстарының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.
Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс бағыттардан соғатын жел күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде +2+4°С, күндіз +15+17°С болады.
Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде +9+11°С, күндіз +22+24°С болады.
Шымкент қаласында аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +11+13°С, күндіз +28+30°С болады.
Жаңалықтар
0