Рим Папасы Қазақстанға ұшып шықты

© Sputnik / Сергей Мелконов / Медиабанкке өтуРим Папасы Франциск
Рим Папасы Франциск  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Рим Папасы Франциск әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне қатысу үшін Қазақстанға ұшып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ватиканның сайтына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, Рим Папасы бүгін Рим-Фьюмичино әуежайына көлікпен барып, таңғы сағат 7:15-те Нұр-Сұлтан бағытында ұшатын A330/ITA Airways рейсімен ұшып шықты.
"Бүгін таңғы уақытта Франциск папасының 38-ші Халықаралық апостолдық сапары басталды. Ол Қазақстанға VII Әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне қатысу үшін барады", - делінген ресми хабарламада.
Рим Папасы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша кешкі сағат 17:45-те ұшып келеді.
Айта кетері, Рим Папасы Франциск Қазақстанға үш күнге келеді. Сапар барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің пленарлық отырысына қатысады.
Бұдан бөлек, Қазақсандағы және басқа елдерден католиктер үшін ғибадат өткізеді.
Жаңалықтар
0