Қоғам

Қазақстандықтар телефон нөмірін сатып аларда биометриялық сәйкестендіруден өтеді

© Photo : Pixabay / tomekwaleckiСим-карта
Сим-карта - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2022
Жазылу
Бұл норма тек жаңа нөмірлер үшін ғана емес, ескі нөмірлер үшін де енгізіледі
НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Телефон алаяқтығымен күресу үшін нөмір сатып алғанда биометриялық сәйкестендіру енгізіледі. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біз ұялы телефонды тіркеу кезінде биометриялық сәйкестендіруді енгіземіз. Әйтпесе қазір бір адамның атына бәлен нөмір рәсімделеді, олар шетелге шығарылады. Сол арқылы алаяқтар арам ойларын жүзеге асыра бастайды. Мұның алдын алу үшін біз нормативтік-құқықтық құжаттарға қажетті өзгерістер енгізіп жатырмыз. Техникалық тұрғыдан дайынбыз", - деді Мусин үкімет кулуарында.
Министрдің пікірінше, осыдан кейін мыңдаған нөмір сатып алып, өзіне рәсімдейтін адамдар саны азаяды.
"Егер бұл нөмірлер арқылы алаяқтық жасалса, онда оның иелері жауапқа тартылады. Әйтпесе қазір олар біз білген жоқпыз деп ақталады. Ал биометриялық сәйкестендіру кезінде адам нөмірді сатып аларда бұл шынымен де өз нөмірі екенін растайды", - деп түсіндірді Мусин.
Ол бұл норма тек жаңа нөмірлер үшін ғана емес, ескі нөмірлер үшін де енгізілетінін атап өтті.
Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2022
Бағдат Мусин телефон алаяқтарына қалай жауап беретінін айтты
Жаңалықтар
0