https://sputnik.kz/20220913/qazaqstan-men-qytay-arasynda-zheti-aydagy-tauar-aynalymy-135-mlrd-dollardy-qurady-27544713.html
Қазақстан мен Қытай арасында жеті айдағы тауар айналымы 13,5 млрд долларды құрады
Қазақстан мен Қытай арасында жеті айдағы тауар айналымы 13,5 млрд долларды құрады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылдың 7 айында Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен өзара сауда... 13.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-13T18:01+0500
2022-09-13T18:01+0500
2022-09-13T18:01+0500
қазақстан
қытай
тауар
https://sputnik.kz/img/352/85/3528523_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_0143787871de842d55aa2a59048b8689.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылдың 7 айында Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен өзара сауда айналымы жайлы мәліметтер жаряиалады.2022 жылдың 7 айында Қытай Қазақстан Республикасымен саудада 1-орында ( ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді есепке алмағанда ). Сыртқы тауар айналымындағы Қытайдың үлесі 22,6 %- ті құрайды.Тауар айналымының көлемі 13,5 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,3 % - ке артық, өткен жылы ол 9,7 млрд. АҚШ долларын құраған.Тауар айналымының көлемі тауарлар экспортының 52 % - ке өсуі есебінен ұлғайды.Қазақстанның Қытайға экспорты осы жылдың 7 айында 8 млрд. АҚШ долларын құрады, 2021 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 52 % -ке өсті. Мысалы, өткен жылдың 7 айында экспорт 5,3 млрд АҚШ долларын құраған.Экспорттың негізгі өсуі минералдық өнімдердің 84,2 %-ке ұлғаюы есебінен байқалады (2022 жылдың 7 айында – 5,1 млрд. АҚШ доллары, 2021 жылғы 7 айында – 2,8 млрд. АҚШ доллары), соның ішінде отын-энергетикалық тауарлар экспорты 2,2 есеге артты (2022 жылдың 7 айында – 3,2 млрд. АҚШ доллары, 2021 жылғы 7 айында – 1,5 млрд. АҚШ доллары).Қазақстанның Қытайдан импорты 5,5 млрд. АҚШ долларын құрады, 2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 22,6 %-ке өсті. Өткен жылдың 7 айында импорт 4,5 млрд. АҚШ доллар құрады.Импорттың негізгі өсуі келесі тауар топтары бойынша байқалады:
қазақстан
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/352/85/3528523_168:0:2899:2048_1920x0_80_0_0_2e14d3a36daa8b92bddf6fca769775ac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қытай, тауар
НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылдың 7 айында Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен өзара сауда айналымы жайлы мәліметтер жаряиалады.
2022 жылдың 7 айында Қытай Қазақстан Республикасымен саудада 1-орында ( ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді есепке алмағанда ). Сыртқы тауар айналымындағы Қытайдың үлесі 22,6 %- ті құрайды.
Тауар айналымының көлемі 13,5 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,3 % - ке артық, өткен жылы ол 9,7 млрд. АҚШ долларын құраған.
Тауар айналымының көлемі тауарлар экспортының 52 % - ке өсуі есебінен ұлғайды.
Қазақстанның Қытайға экспорты осы жылдың 7 айында 8 млрд. АҚШ долларын құрады, 2021 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 52 % -ке өсті. Мысалы, өткен жылдың 7 айында экспорт 5,3 млрд АҚШ долларын құраған.
Экспорттың негізгі өсуі минералдық өнімдердің 84,2 %-ке ұлғаюы есебінен байқалады (2022 жылдың 7 айында – 5,1 млрд. АҚШ доллары, 2021 жылғы 7 айында – 2,8 млрд. АҚШ доллары), соның ішінде отын-энергетикалық тауарлар экспорты 2,2 есеге артты (2022 жылдың 7 айында – 3,2 млрд. АҚШ доллары, 2021 жылғы 7 айында – 1,5 млрд. АҚШ доллары).
Қазақстанның Қытайдан импорты 5,5 млрд. АҚШ долларын құрады, 2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 22,6 %-ке өсті. Өткен жылдың 7 айында импорт 4,5 млрд. АҚШ доллар құрады.
Импорттың негізгі өсуі келесі тауар топтары бойынша байқалады:
машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар 19,4%-ке (
2022 жылдың 7 айында – 3,1 млрд. АҚШ доллары, 2021 жылғы 7 айында – 2,6 млрд. АҚШ доллары);
химия өнеркәсібінің өнімі 64,7 %
-ға (
2022 жылдың 7 айында – 821,1 млн. АҚШ доллары, 2021 жылғы 7 айында – 498,4 млн. АҚШ доллары);
металдар және олардан жасалған бұйымдар 53 %
-ке (
2022 жылдың 7 айында – 501,4 млн. АҚШ доллары, 2021 жылғы 7 айында – 327,8 млн. АҚШ доллары).