Экономика

Қазақстан экономикасының жай-күйі қалай

© Sputnik / Владислав ВодневАқша, теңге
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Жыл басынан бері Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 3,1 процент болды. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Осы жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,1%-ті құрады. Нақты сектордағы өсім 3,3% болды. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,3%-ке өсті", - деді Қуантыров үкімет отырысында.
Салалар арасында құрылыс, ақпарат және байланыс, көлік және қоймалау, сауда, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндіру өнеркәсібі оң өсім қарқынын көрсетіп отыр. Негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны 5,7%-ке дейін жеделдеді.
Қаңтар-шілдеде сыртқы сауда тауар айналымы 36,9%-ке өсіп, 74,3 миллиард долларды құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 52,9%-ке өсіп, 48,9 миллиард долларға дейін жетті. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 35,7%-ке ұлғайып, 14,3 миллиард доллар болды.
Тауарлар импорты 25,3 миллиард долларды құрады. Жалпы, оң сауда балансы 23,6 миллиард долларға тең.
Жаңалықтар
0