Нұр-Сұлтанда полициясы күшейтілген қызметке көшті

© Sputnik / Болат ШайхиновРегулировщик
Регулировщик - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Елорданың полициясы әлемдік және дәстүрлі діндер съезі кезінде күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгіннен бастап тәртіп сақшылары күшейтілген қызметке ауыстырылып отыр. VII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қалаға әлемнің түкпір-түкпірінен біраз адам келіп жатыр.
Осыған байланысты қоғамдық орындарда, көшелерде және мәдени-бұқаралық шаралар өтетін жерлерде қосымша қауіпсіздік шаралары қолға алынды. Алдағы үш күнде кейбір көшелерде көлік қозғалысына уақытша шектеулер де енгізіледі.
"13-15 қыркүйек аралығында Съезге Рим Папасы да келеді. Делегациямен бірге эскорт мотоциклшілері де жүреді. Күзетпен жүретін коллона өткенде 3-5 минутқа қозғалысқа шектеу енгізіледі. Ондай шаралар, көбінесе, Қабанбай батыр пен Мәңгілік ел даңғылында, сондай-ақ, Қонаев көшесінде болады", - дейді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков.
Ал 14 қыркүйекте Рим Папасының қатысуымен ғибадат өтеді. Ол үшін арнайы автобустар ұйымдастырылады.
"Оған қоса, елордаға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді. Оның делегациясы да эскортпен жүреді", - дейді полицейлер.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қала тұрғындарын барлық шараға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Жаңалықтар
0