Мұхтар Әблязовтың сыбайласы қамауға алынды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мұхтар Әблязовтың сыбайласы ұсталғанын хабарлады.
Тергеу материалдарына сәйкес, "БТА-Банк" АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты қылмыстық іс бойынша "Жаңа Қалқаман" ЖШС атаулы директоры Виталий Пак жауапқа тартылған болатын. Ол 2011 жылдан бастап іздеуде жүрген.
2006-2008 жылдар кезеңінде осы компанияны заңсыз несиелеу арқылы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары 8,9 миллиард теңгеден астам қаражатты ұрлады. 2019 жылы Пак Қытайдың Чэнду қаласынан табылды.
"Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін, Пак Қазақстанға оралуға ниет білдіріп, ол туралы жазбаша өтініш жолдады. Биыл 27 тамызда ішкі істер министрлігі Интерполдың көмегімен Пак Чэнду қаласынан Алматыға келіп, тергеу изоляторына қамалды", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.
Елбасы Нурсултан Назарбаев на избирательном участке  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2021
Қоғам
Назарбаев Әлиев пен Әблязов туралы ойын ашық айтты
Жаңалықтар
0