https://sputnik.kz/20220913/elorda-akimi-gaz-qazandyqtarynyn-qashan-iske-qosylatynyn-aytty-27545219.html
Елорда әкімі газ қазандықтарының қашан іске қосылатынын айтты
Елорда әкімі газ қазандықтарының қашан іске қосылатынын айтты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында газ қазандықтарын 2023 жылдан бастап... 13.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-13T18:37+0500
2022-09-13T18:37+0500
2023-08-10T12:04+0500
астана
жылу беру маусымы
https://sputnik.kz/img/07e6/09/0d/27544965_0:0:3561:2003_1920x0_80_0_0_ab3cf4113f83a59dbfc77e6f304730ca.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында газ қазандықтарын 2023 жылдан бастап кезең-кезеңмен іске қосу жоспарланып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты."Елордада үш газ қазандығының құрылысы қатар жүріп жатыр. Газ қазандықтарының қуаты ЖЭО-3-тен 3 еседен де асып түседі. Тиісінше қазіргі тапшылықтың орнын толтыруға да, құрылыс жұмыстары жүретін жаңа аудандарды жылумен қамтуға да мүмкіндік береді.Газ қазандықтарын 2023 жылдан бастап кезең-кезеңмен іске қосу жоспарланып отыр. Газ қазандықтары жаңа теміржол вокзалының аумағында, Қорғалжын тас жолының бойында және Тельман елді мекенінде орналасқан.Осылайша, "Оңтүстік-Шығыс" қазандығы "Мыңжылдық" ауданын, жаңа теміржол вокзалы аумағын, құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатқан аудандарды және т.б. жылумен қамтамасыз етеді. Ал "Тельман" қазандығы "Бағыстан" ТК, Ұлы Дала даңғылы, "Тельман" елді мекені аумағын қамтиды. Өз кезегінде үшінші – "Тұран" газ қазандығы Қорғалжын тас жолы, Тұран даңғылы бойындағы және т.б. құрылысы қарқынды жүріп жатқан аудандарды жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Бұдан бөлек, қаланы аралау барысында сорғы-сүзу станциясының (ССС-3) құрылысымен таныстым. Бүгінде қала тәулігіне 300 мың текше метр су тұтынады, ал жаңа ССС-3 қуаттылығы тәулігіне қосымша 100 мың текше метрден астам су береді.Қаламыздың дамып келе жатқанын ескерсек, қазірдің өзінде суға деген қосымша қажеттілік бар. Осы себепті ССС-3 биыл жыл соңына қарай ішінара пайдалануға беріледі. Осылайша сумен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі. Ал 2023 жылдан бастап ССС-3 жұмысының қуатын арттырамыз", - деп жазды елорда әкімі.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/0d/27544965_74:0:2805:2048_1920x0_80_0_0_df6f7d7505d9703d28596d21feff81d5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, жылу беру маусымы
астана, жылу беру маусымы
НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында газ қазандықтарын 2023 жылдан бастап кезең-кезеңмен іске қосу жоспарланып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Елордада үш газ қазандығының құрылысы қатар жүріп жатыр. Газ қазандықтарының қуаты ЖЭО-3-тен 3 еседен де асып түседі. Тиісінше қазіргі тапшылықтың орнын толтыруға да, құрылыс жұмыстары жүретін жаңа аудандарды жылумен қамтуға да мүмкіндік береді.
Газ қазандықтарын 2023 жылдан бастап кезең-кезеңмен іске қосу жоспарланып отыр. Газ қазандықтары жаңа теміржол вокзалының аумағында, Қорғалжын тас жолының бойында және Тельман елді мекенінде орналасқан.
Осылайша, "Оңтүстік-Шығыс" қазандығы "Мыңжылдық" ауданын, жаңа теміржол вокзалы аумағын, құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатқан аудандарды және т.б. жылумен қамтамасыз етеді. Ал "Тельман" қазандығы "Бағыстан" ТК, Ұлы Дала даңғылы, "Тельман" елді мекені аумағын қамтиды. Өз кезегінде үшінші – "Тұран" газ қазандығы Қорғалжын тас жолы, Тұран даңғылы бойындағы және т.б. құрылысы қарқынды жүріп жатқан аудандарды жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, қаланы аралау барысында сорғы-сүзу станциясының (ССС-3) құрылысымен таныстым. Бүгінде қала тәулігіне 300 мың текше метр су тұтынады, ал жаңа ССС-3 қуаттылығы тәулігіне қосымша 100 мың текше метрден астам су береді.
Қаламыздың дамып келе жатқанын ескерсек, қазірдің өзінде суға деген қосымша қажеттілік бар. Осы себепті ССС-3 биыл жыл соңына қарай ішінара пайдалануға беріледі. Осылайша сумен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі. Ал 2023 жылдан бастап ССС-3 жұмысының қуатын арттырамыз", - деп жазды елорда әкімі.