Қоғам

Алматыда нәрестелерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

© Photo : pixabay.comНәресте
Нәресте - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Алматыда нәрестелерді сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу шаралары басталды.
Қылмыстық топтың мүшелері шақалақтарды баласы жоқ отбасыларға ұсынған, деп хабарлайды AstanaTV арнасы.
Қазіргі кезде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы өздерінің балаларынан бас тартқысы келетін жүкті әйелдерді және балалары жоқ ерлі-зайыптыны іздеген. Сондай-ақ балалардың туу туралы жалған куәлігін дайындаумен айналысқаны анықталды. Аталған факті бойынша "Кәмелетке толмағандарды сату" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - деді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 135-бабы ("Кәмелетке толмағандар саудасы, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған әрекет") бойынша тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді.
Жаңалықтар
0