https://sputnik.kz/20220913/abay-oblysynda-qaza-tapqan-ort-sondirushinin-otbasyna-memlekettik-nagrada-zhetkizildi-27545587.html
Абай облысында қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына мемлекеттік награда жеткізілді
Абай облысында қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына мемлекеттік награда жеткізілді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Абай облысында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына мемлекеттік награда... 13.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-13T19:21+0500
2022-09-13T19:21+0500
2022-09-13T19:58+0500
оқиға
өрт сөндірушілер
мемлекеттік наградалар
https://sputnik.kz/img/1167/50/11675045_0:64:1280:784_1920x0_80_0_0_fb151f486c3d4792e7e6f06edce8c2e9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Абай облысында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына мемлекеттік награда жеткізілді, деп хабарлайды Хабар 24.ҚР Президентінің атынан ІІІ дәрежелі "Айбын" орденін марқұмның туған-туыстарына өңір басшысы Нұрлан Ұранхаевпен Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков табыстады. Сонымен қатар үш бөлмелі пәтердің сертификаты да берілді. Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 7 қыркүйек күні Жарма ауданына қарасты Бозжыра округінде болған. Онда құрғақ шөп отқа оранып, дала өрті тіркелді. Желдің бағыты күрт өзгеруінен автоцистерна мен су таситын көлік жанып, Айдостың денесін қатты күйік шалған. Ол алған жарақатынан ауруханада көз жұмды. 36 жастағы Айдостың соңында әйелімен, бес баласы қалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1167/50/11675045_76:0:1205:847_1920x0_80_0_0_dccd2f666a4a980565ddeb2fef707c0f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт сөндірушілер, мемлекеттік наградалар
өрт сөндірушілер, мемлекеттік наградалар
Абай облысында қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына мемлекеттік награда жеткізілді
19:21 13.09.2022 (жаңартылды: 19:58 13.09.2022) НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Абай облысында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына мемлекеттік награда жеткізілді, деп хабарлайды Хабар 24.
ҚР Президентінің атынан ІІІ дәрежелі "Айбын" орденін марқұмның туған-туыстарына өңір басшысы Нұрлан Ұранхаевпен Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков табыстады.
Сонымен қатар үш бөлмелі пәтердің сертификаты да берілді.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 7 қыркүйек күні Жарма ауданына қарасты Бозжыра округінде болған. Онда құрғақ шөп отқа оранып, дала өрті тіркелді.
Желдің бағыты күрт өзгеруінен автоцистерна мен су таситын көлік жанып, Айдостың денесін қатты күйік шалған. Ол алған жарақатынан ауруханада көз жұмды. 36 жастағы Айдостың соңында әйелімен, бес баласы қалды.