Саясат

Си Цзиньпин Қазақстанға келеді

© Photo : официальный сайт президента Республики КазахстанҚасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Қытай төрағасы Си Цзиньпин елордаға мемлекеттік сапармен келеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 14 қыркүйек күні елімізге Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда.
Қазақстан мен Қытай басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқылайды.
Келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.
Еске салсақ, сол күні – 14 қыркүйекте Рим папасы Нұр-Сұлтан қаласында месса өткізеді.
14-15 қыркүйек күндері Қазақстан астанасында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі жоспарланған.
Жаңалықтар
0